• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:54:44
Алматы
+35°

 

          Жуырда Шымкент қаласында «Түйе тұқымдары» республикалық палатасы құрылып, жұмысын бастады. «Түйе тұқымдары» палатасының директоры Ислам Ахметов шаруашылықтың дамуы туралы пікірін білдірді. «Бүгінде түйе шаруашылықтары еліміздегі 7 облыста шоғырланған. Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түйе бағатындар баршылық. Түйе етіне сұраныс жоқ деген ақпарат негізінде жалған. Түйенің етіне де, сүтіне де, тіпті жүніне де сұраныс жоғары. Статистикаға түйе етінің қаншалықты өтімділігі жөніндегі ақпар енбей қалады» деді ол.

ҚР «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңына 2015 жылдың 27 қарашасында өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Осы Заңның 28 бабының 2-ші тармағына сәйкес, 2016 жылдың 26 тамызында «Түйе тұқымдарының» республикалық палатасы Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде заңды тұлға ретінде тіркеуден өтті. Палатаның алдына қойған міндеттері орасан, оның басқы тізімінде: аймақтардағы түйе тұқымдарының асыл тұқымдыларын тарату және осы тұқымының санын көбейту, түйенің асыл тұқымына статус беру, асыл тұқымдылық куәлігін беру, түйе тұқымдарын импорттау, базаға тіркеу, статус беру және сату кезінде, зауытшылары берген көрсеткіштерді Палатаның бекіткен ішкі Ережелеріне сәйкес тексеру кіреді.
Бұл мақсаттарға қарастырылған бюджеттік қаражат шегінде субсидияланатын, сатылатын өнімнің жыл сайынғы квотасын анықтау, асыл тұқымды кітапты жүргізу және басып шығару да бар.

http://kazrabat.kz/

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір