• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:33:19
Алматы
+35°

 

            Соңғы екі жылда Оңтүстік Қазақстан облысында ірі қара мал саны 35 мыңға артып, 865 мың басты құраса, жылқы 16 мыңға артып, 230 мыңға жетті. Ал қой мен ешкі 155 мыңнан 3 млн. 893 мыңға дейін артқан. Осы мерзім ішінде ет өндіру  111,4 пайызға, сүт өндіру 104,8  пайызға, жұмыртқа өндіру 112,1 пайызға, жүн өндіру 110,1 пайызға артқан. Дегенмен, ірі қара мал саны Бәйдібек, Ордабасы, Қазығұрт аудандарында, ал уақ мал Бәйдібек, Ордабасы, Созақ, Төлеби аудандарында, жылқы Бәйдібек, Түлкібас аудандарында, түйе Бәйдібек, Сарыағаш, Түлкібас аудандарында, құс саны Бәйдібек, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас аудандарында кеміген. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті мәжілісінде мәлім етті.

25 жылда ішкі нарықты мал шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ете алмай келе жатқанымызды тілге тиек еткен облыс басшысы өзімізде өндірілетін өнімдер әлі де бәсекеге кабілеті төмен болғандықтан, өзге облыстарды былай қойғанда, жергілікті тұтынушылардың арасында да шет елдің өнімдерін сатып алуға мәжбүр азаматтардың аз еместігіне де тоқталды. Сол үшін санмен бірге сапа мәселесіне де айрықша ден қою керектігін тапсырды. Сол секілді ветеринариялық қауіпсіздік мәселесі де мал шаруашылығын дамытуға үлкен үлес қосатынын атап өтіп, осы мақсатта жүйелі түрде жұмыс жүргізілу қажеттілігі сөз болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір