• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:49:14
Алматы
+35°

 

 Ж.Ералиев ауыл округіндегі көкөніс өсірумен айналысатын «Нұрарай» жылыжайына келгенімізде қайнаған қызу жұмыстың ұстінен түстік . Жылыжайдың тыныс-тіршілігімен диқан Дәурен Сырлыбаевтың өзі таныстырды.

- Бұрындары жылда қызанақ егетін едік. Одан да біршама жақсы табыс таптық. Ал биыл болгар бұрышын егуді ұйғардық. Нәтижесі жаман емес. Науқанда 4-5 тоннаға дейін өнім алдық. Өнімі әр екі күн сайын теріледі. Болгар бұрышын ерте көктемде әр килосын 750 теңгеден саттық. Алғашында сұраныс көп болғандықтан, өнімдерімізді Ресейге жіберіп отырдық. Ал қазір ішкі нарықта, Шымкент пен Жетісай арасында сатылып жатыр. Болгар бұрышын егу барысында едәуір табыс табуға болатынын байқадық, шығыны да аз. Жердің деңгейінен төмен орналасқан бұл жылыжайдың ерекшелігін сұрағанымызда, «Бұл жылыжай жер деңгейінен 2 метр тереңдікте жайғасқан. Егер далада 20 градус суық болып, біз осы жерге екі кленка тартсақ, онда мұның іші 4, 5 градустық жылы температураны көрсетеді. Егер ішіне үшінші кленканы тартсақ, онда тағы 2 градус жылылық қосылады. Ал 6 градус жылылықта орамжапырақ ексек те, шыдас береді. Осылайша ерте көктемде орамжапырақ көшетін шығарамыз. Басқа жылыжайлар 10 градус суықтың өзінде пеш жағатын болса, бізде бұл температурада пеш жақпай-ақ іші жылы болады. Бұл жылыжайдың тиімді жері сол - қыстың күні жылы болады. Бірақ бұл үлкен көлемдегі жылыжайда тиімсіз. Осындай шағын көлемде ғана осы тәсілді қолдануға болатынын тәжірибе барысында аңғардық. Осы жылыжайымызға лимон ексек деген мақсатпен, Өзбекстаннан түрлі сортты лимон көшеттерін әкеліп қойдық. Қазір жылыжайдың топырағын өңдеп, дайындық жасап жатырмыз. Болашақта жүзім өсіруге ден қоя кіріссек деген ойымыз бар. Себебі осындай жылылығы жоғары жылыжайда өсірілген өнімдөнімдер басқаларымен салыстырғанда екі ай бұрын пісетініне көзіміз жетті, - дейді Д.Сырлыбаев.

Бибіажар ТӘҢІРБЕРГЕНОВА, «Мақтаарал» газетінің арнаулы тілшісі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір