• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:44:27
Алматы
+35°

 

     

          Есепті кезеңде облыста мүйізді ірі қараның саны 778,4 мың, қой мен ешкі 3623 мың, жылқы 207 мың, түйе 21,9 мың, құс 2484,8 мыңды құрап, өткен жылмен салыстырғанда орташа 5%-ға азайған. Дегенмен, ет өнімі 5,1%-ға артып, 202,4 мың тоннаға, сүт 1,5%-ға артып, 703,1 мың тоннаға жеткен, жұмыртқа 5,7%-ға артып, 293,8 млн. дана өндірілді.

          «Сыбаға» бағдарламасымен 22,5 мың аналық (оның ішінде қаржы институттары арқылы 6819 аналық ІҚМ, республикадағы үлес 12%) сатып алынып, тапсырма 1,3 есеге артық орындалды. Тұқымдық түрлендіруге 57,4 мың аналық ІҚМ қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 21,1%-ға жетті (республика бойынша - 24,6%).

          «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 45,5 мың ұсақ мал алынып, тапсырма 2,3 есеге артық орындалды. Оның ішінде қаржы ұйымдары арқылы 22,1 мың ұсақ мал алынып, облыстың республикадағы үлесі 16,8%-ды құрады.

          «Құлан» бағдарламасы аясында 4341 жылқы алынды, тапсырма 62% артығымен орындалды. Оның ішінде қаржы ұйымдары арқылы 3,2 мың бас алынып, облыстың республикадағы үлесі 9,8%-ды құрады.

          Өңірлік мал шаруашылығын дамы­тудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шарасы аясында өткен жылы жалпы 2289 жобаға 5,6 млрд. теңге (оның ішінде мал бордақылау алаңдарына 2077 жобаға 4,9 млрд. теңге; 5-10 бастық отбасылық сүт фермаларына 205 жобаға 523,0 млн. теңге; сүт қабылдау бекеттеріне 1 жобаға 38,8 млн. теңге; селолық тұтыну кооперациясына 6 жобаға 135,2 млн. теңге) несие қаржы берілді (2014 ж. 5,9 млрд. теңге 2166 жоба қаржыландырылды).Биылғы жылы да бұл шаралар өз жалғасын тауып жемісті нәтижелер көрсетуде.

Сонымен қатар, өз қаржысы есебінен қоса алғанда 3108 мал бордақылау алаңы, 609 шағын отбасылық сүт ауласы, 28 шағын құс фермасы, 47 сүт қабылдау бекеті, 8 СТК ашылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір