• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:49:17
Алматы
+35°

 

             Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі аясында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жыл қорытындысы бойынша «Алтын күз-2016» мерекесі аталып өтілді, деп хабарлайды Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.  Жыл бойы аптап ыстықта жүгері мен бақша өнімдерін баптап өсірген дихандар мен мал басын көбейтуге орасан үлес қосып жүрген шаруалар Сырдың арғы беті мен бергі бетінен келіп, қауышып жатты. Орталық алаң мерекеге сай безендірілген. Ауыл шаруашылығы озаттарын Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов құттықтады. «Биылғы жыл ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласы үшін жемісті жыл болды деп айтсақ қателеспейміз. Жыл басында 24338 га жерге түрен салынса, 5400 га алқапқа Отырардың брендіне айналған жүгері дақылдары егілді. 9 айдың қорытындысы бойынша 9 млрд. 248 млн теңгенің өнімдері өндіріліп, 102,3 пайызды құрады. Сонымен қатар, аудан «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 107%, «Құлан» бағдарламасы бойынша 105 %, «Сыбаға» бағдарламаларының орындалуы бойынша 150,5%-ды құрап, облыста алдыңғы қатардан көрінді», - деді аудан әкімі Ерлан Айтаханов. Барша аудан тұрғындарын «Алтын күз-2016» мерекесімен құттықтаған аудан басшысы озат еңбеккерлерге арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

http://www.inform.kz/


 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір