• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:47:26
Алматы
+35°

 

Оңтүстіктегі ауыл шаруашылығын өркендетудің жолдары туралы ойыммен бөліспекшімін. Бұл тақырыпты қозғау үшін оңтүстіктегі ауыл мәселесінен бастағанымыз абзал. Қазіргі ауыл халқы деге­німіз кімдер? Олар - көбінесе өздері­нің қолындағы азын-аулақ малы мен егістік жерлеріне сүйеніп өмір сүріп жатқан, яғни тек үй шаруашылығымен ғана шұғылданып отырған адамдар. Қазіргі ауыл халқының кем дегенде 70-80 пайызын осындай адамдар тобы құрай­тындығы анық.

Үй шаруашылығы негі­з­ін­де ұйымдасып тірлік қылудың өзін­дік қиындықтары бар екендігі анық. Мәселен, олардың қолдарындағы мал­дар­ды селекциядан өткізудің, асыл­дандырудың қиындықтары жетіп артылады. Сонымен қатар, әрбір үйден өнім жинап жүру де оңай емес. Оның үстінде әлемдік тәжірибе бойынша кәсіпкерлік субъектісі ретінде ұйымдаспаған жеке шаруашылықтың болашағынан үміт күту де қиын. Міне, осындай себептерге байланысты осы уақытқа дейін жеке үй шаруа­шылықтарының қолдарындағы малдар көптеген субсидия түрлерінен құ­рал­ақан қалып отырды. Олардың қолындағы өнімді жинау мәселесімен де ешкім шұғылданбады. Енді Елбасы тап­сырмасы арқылы мемлекет нақ осы адамдар тобына көңіл бөлетін болады. Бұдан былайғы кезеңде олар да мем­лекеттік қолдауға ие бола бас­тайды. Біздің ойымызша нақ осы ше­шім біздің қазақ халқының, жалпы, Қазақстандағы ауыл халқының өзін­дік ұлттық ерекшеліктеріне мән бер­ген, сол ерекшеліктерге сәйкес қол­дау шараларын көрсетудің жолдарын қарастырған бірден-бір ұтымды шешім болып отыр. Мұның мемлекетке, жалпы ел экономикасына беретін пайдасы да аз болмас. Өйткені, қазіргі зерттеулер малдың 70-80 пайызы осы жеке шаруашылықтардың қолында екенін, демек, бұл шаруашылықтардың қолында, егер ұйымдастыра білсе, мол өнім көзі бар екендігін көрсетеді. Сонымен, еліміздегі үй шаруа­шы­лық­­т­арын дамыту мақсатында мемлекет алғашқы кезекте қандай мәселелерге мән бермек? Оның шет жағасын біз жоғарыда айтып та кеттік. 670 мың ұсақ өндірушінің тауарлы өндіріске қарай тартылатындығын айттық. Әркім өз қолындағы азын-аулақ малмен отырғанда оларды қалай ұйымдасқан өндірі­ске тартуға болады? Мұның жолы белгілі. Әлемдік тәжірибедегі мұ­ның ең тиімді тәсілі осындай жеке шаруа­шылықтардың кооперациясын қа­лып­тастыру және дамыту болып табылады. Міне, мемлекет осындай күрделі мәселені шешуге батыл кірісуді жөн көріп отыр. Осы жоба бойынша кем дегенде 20 үй шаруа­шы­лығы бас қосқан жерде олардың кооперативі ұйымдастырылатын болады. Бұл кооперативтерден бірінші кезек­те сүт өнімдерін жинаудың, содан кейін ет өнімдерін жинаудың тиісті схе­ма­лары әзірлену үстінде. Осыны жүзеге асыру мақсатында сүт қабылдау пункті ашылып, ол тиісті технологиялық құралдармен және сүтті тасымалдайтын көлік түрімен қамтамасыз етіледі. Мұнда сүттің сапасын және көлемін анықтайтын құралдар болады. Сүт жинайтын адам белгіленеді және кооператив басшысы сайланады. Бұл үдерістердің бәрі ауыл адамдарының қолдауымен ерікті түрде жүргізіледі. Біздің ойымызша, мұндай шараны ұйымдастыруды ауыл адамдары, яғни жеке үй шаруашылығының иелері қолдауы тиіс. Өйткені, кооперативтің олар­ға беретін пайдасынан басқа зияны жоқ. Олардың қолындағы өнімдерді тұрақ­ты түрде жинап алу және оларды өткізу мәселесі шешілсе, мұның өзі әрбір үй шаруашылығы иесінің тұрақты кірі­сін арттыратындығы анық. Яғни ол өз үйінде отырып-ақ, тұрақты жұмыс тапқандай мүмкіндікке ие болады.


Ерсұлтан Қайратұлы,

Шымкент қаласының тұрғыны 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір