• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:19:24
Алматы
+35°

 

 

Сайрам ауданында 2016 жылға арналған бюджетінің кірістері 19 931,9 млн.теңгеге (өзіндік кірістер 1 915,9 млн.теңге), шығыстар жоспары 20 926,3 млн.теңгені құрады. Шығыстардың 82,2% білім беру саласына, 3,9% тұрғын үй коммуналдық шаруашылыққа, 3,4% әлеуметтік қамсыздандыруға жоспарланды.

2016 жылдың 5 айында бюджеттік түсімдердің жоспары контингент бойынша 109,5 пайызға, аудан бюджеті 118,7 пайызға артығымен орындалған.

2016 жылдың басынан  өнеркәсіп өнімінің көлемі 7,6 млрд.теңгені  құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өңдеу өнеркәсібінде 6,0 млрд.теңгенің  өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 104,9 %.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 19,1 млрд. теңгені құрап, өсім 17,0 % жетті. Бұл салада 23,0 мың адам жұмыспен қамтылған.

Кәсіпкерлерді қаржы институттары арқылы қолдау бойынша аудан көлеміндегі микрокредиттік ұйымдар арқылы  1137 адамға  514,3 млн.теңге көлемінде несие берілген.

Ауыл шаруашылығы саласында 2016 жылдың 1 маусымына 10,9 млрд.теңгеге жалпы өнім өндіріліп, өсім 102,9 пайызды құрады. 22590 гектар жерге егістік егілген, 18500 га суармалы жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Жалпы ауданда 513 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендірілген, оның ішінде 2016 жылдың 5 айында 5 гектар жерге тамшылатып суғару әдісімен бау егілді. Жалпы ауданда 18,5 га жерде 76 бірлік жылыжайлар бар. Оның ішінде ағымдағы жылдың 4 айында 1 га жылыжай санынды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 бас асыл тұқымды бұқа, 150 бас аналық сатып алынды.

Айта кетейік, өңірімізде жүзеге асып жатқан «Ашық әкімдік» жобасына сәйкес жергілікті әкімдіктер өздерінің атқарған жұмыстарын халыққа жеткізіп,  кез-келген ақпараттың қолжетімділігін, ашықтығын қамтамасыз етуде. 

http://rgmedia.kz/

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір