• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:59:19
Алматы
+35°

  

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте, қалаға қарасты Хантағы ауылының әкімі С.Расул жыл басынан бергі атқарған жұмыстары жайында мәлімет берді. Осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан берілетін ең төменгі кедейшілік жағдайдағы АСБ жәрдем ақыны 1 адам алып келсе, қәзіргі таңда мұндай көмекті алатын адамдар саны жоқ. Бұл да болса, ауыл тұрғындарының жағдайы жақсарып келе жатқанын айқындайды. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан жасалынған бағдарламалар аясында көптеген ауыл тұрғыны төмен бағадағы несиелерді алып, "Агробизнес -2020", "Жұмыспен қамтудың  жол картасы -2020", "Бизнестің  жол картасы -2020", "Сыбаға", "Құлан" секілді мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз кәсіптерін домалатуда. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауылда ауқымды жұмыстар ақтарылды. "Моноқалаларды дамтыту" бағдарламасы шеңберінде Ильич, Рықұлбеков көшелеріндегі жаяу жүргінші жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына 6344,0 мың теңге қаражат бөлінген. Ал "Жұмыспен қамту- 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ауылындағы Тоқаев көшесіне орташа жөндеу, Хантағы ауылындағы шағын стадионды жайластыру жұмыстары, ауылындағы " Даңқ" аллеясын орташа жөндеу және аумағын қайта қалпына келтіру жұмыстары, Ильич, Рықұлбеков, Иманов, Хантағы, Еспенбетов көшелеріндегі жаяу жүргінші жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдың ажары ашыла түскен. 

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз орталығынан

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір