• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
16 Қазан, 15:14:50
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

03 Қараша, 2016 Аймақтар

Мемлекеттік бағдарлама аясында Шымкентті көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді

 

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев кореялық «J&I Company Ltd» компаниясының төрағасы Чангсик Чонмен кездесті. Басқосуда тараптар Шымкент қаласын көгалдандыру жайын әңгімелеп, бірқатар жобалар бойынша пікір алмасты.

Атап айтқанда, корейлік кәсіпкер аймақ басшысына Өзбекстандағы декоративті ағаштар өсірумен айналысатын тұқымбағын таныстырып, ондағы жасыл желектерді баптаудың ерекшеліктерін баяндады. Шымкент қаласының климаттық жағдайын ескерген Жансейіт Қансейітұлы көшеттерді, алдымен, сынақ ретінде біздің аймақта өсіріп көру керектігін айтты.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстанға сапары барысында корейлік бизнесмен Шымкент қаласында гольф клубын, жастар саябағын, декоративті ағаштарға арналған тұқымбақ құру және ескек есу спорты бойынша спорт кешенін салуды ұсынды.

Өз кезегінде, облыс әкімі аталған ұсыныстарды қарастыратынын жеткізіп, компанияның Өзбекстандағы тұқымбағының жасыл желектерін зерттеуге Оңтүстіктен арнайы делегаттарды жіберетінін айтты.

Еске салайық, таяуда облыс әкімі Шымкент қаласын көгалдандыру бойынша қала әкімдігіне сын-ескертпелер айтып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында бірқатар тапсырмалар берген болатын. Еліміздің үшінші мегаполисі саналатын Шымкенттің көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән берген әкім бұл мәселені жеке бақылауына алып отыр.

Айта кету керек, кореялық «J&I Company Ltd» компаниясы нарықта 10 жылдан бері көгалдандыру саласында қызмет етіп келе жатқан серіктестік. Оңтүстік Корея мен Өзбекстанда сәтті жобаларын бастаған компания Қазақстанда да өз бизнесін дамытуы жоспарлап отыр.

http://adym.kz/

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір