• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:12:09
+35°

 

Шардара ауданы әкімінің халық алдында берген есебі бойынша ағымдағы жылдың жартысында 2759,8 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Бұл туралы аудан әкімдігінің ресми сайты «Ашық әкімдік» жобасы аясында жариялап отыр.  Оның ішінде 2741,3 млн.теңге мал шаруашылығының өнімдері, 18,5 млн.теңге егін шаруашылығының өнімдері. Жалпы өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 106,1 пайызды құраған. Аудандағы 64000 гектар суармалы жердің 59301,5 гектарына ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып,  ағымдағы жылдың  алты айының қорытындысы бойынша 820,5 гектар күздік бидай, 1575 гектар жерге жаздық арпа, 947 гектар жерге күріш, 3784,25 гектар жерге дәндік жүгері, 670 гектар жерге маш, 159 гектар жерге мақсары, 643 гектар жерге күнбағыс, 12456,85 гектар жерге мақта, 19153,7 гектар жерге ескі жоңышқа, 4206,4 гектар жерге жаңа жоңышқа, 3307 гектар жерге сүрлемдік жүгері, 199,5 гектар жерге картоп, 542,9 гектар жерге көкөніс, 10836,4 гектар жерге бақша дақылдары егілді.  «Даму бағдарламасына» сәйкес, 700 гектар егістік жерге тамшылатып суғару әдісін ендіру жоспарланып, тапсырма 100 пайызға орындалды. Сондай-ақ, 5 гектар жерге жылыжай салу жоспарланып, нақты 3,5 гектар жерге салынып, жоспар 70 пайызға орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1200 бас ірі қара мал алу жоспарланып, нақты 1275 бас сатып алынды немесе жоспар 106,3 пайызға орындалды. «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мал шаруашылығын дамыту  іс-шараларының 2014-2016 жылдарға арналған жоспарының»  бағыттары (мал бордақылау алаңдарын құру, шағын сүт фермалары, сүт қабылдау бекеттері, СТК)  бойынша қала, ауыл округтеріне аудан әкімі тарапынан іс-шаралар жоспары бекітілген. Аталған көрсеткіштер бойынша бүгінгі таңда мал бордақылау алаңдарын құру жылдық межесі 145 бірлік, орындалғаны 85 бірлік.  Асыл тұқымды етті бағыттағы бұқа алу тапсырмасы 60 бас, одан алынғаны 44 бас. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2100 бас уақ мал алу тапсырмасы беріліп, тапсырма 2670 басқа орындалды. «Құлан» бағдарламасы бойынша 300 бас жылқы алу тапсырмасы беріліп, тапсырма 258 басқа орындалды. 5-10 бастық шағын жанұялық фермалар құру тапсырмасы 18 бірлік, одан орындалғаны 19 бірлік.

http://rgmedia.kz/

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір