• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:08:54
Алматы
+35°

 

  «Ашық әкімдік» жобасының қағидасына сай Созақ ауданының әкімі М.Исаев ағымдағы жылдың 6 айындағы есебі жайлы мәліметтерді ауданның ресми сайтына жариялап отыр. Әкімнің мәліметі бойынша жарты жылда жалпы өнім көлемі 3 млрд 825 млн теңгені құрап,  2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 110 пайызға артығымен орындалған. Биылғы жылы ауданда мал басының барлық түрі бойынша өсім бар. Атап айтсақ,  мүйізді ірі қара – 26935 бас немесе  103,5%-ға, қой-ешкі – 290 841 басқа, жылқы – 11329 басқа немесе 100,7%-ға, түйе – 10815 бас 100% -ды құрап құстар саны – 16008 бас болып 103,4 %-ға өскен. Өткен 2015 жылмен салыстырғанда ет өндіру – 5672,1 тонна 100,7 %, сүт – 7129,8 тонна 102,8 %, жұмыртқа (мың дана) 1364,5 данаға немесе 100,4 %-ға өсім бар.  Облыс әкімінің бастамасымен қабылданған «2014-2016 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы» шеңберінде ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аталған бағдарлама шеңберіндегі жұмыстар аудан шаруаларын мал бордақылауға ынталандырып, келешекте табыс табудың, қосымша жұмыс орындарын ашудың, бірден бір көзіне айналуда. Қарақұр ауыл округінен «Қарақұр» Ө/К (түйе) және (қой), Шолаққорған ауыл округінен «Бағдат» ш/қ (түйе), Құмкент ауыл округінен «Құмкент» Ө/К (қой)  асыл тұқымды мал шаруашылықтары болып тіркеліп, жұмыс жасауда. Егістікке тамшылатып суару технологиясын енгізу межесін орындау мақсатында «Созақ сәулет» МКҚК арқылы аудан бойынша 56  га жерге тамшылатып суару әдісі ендіріліп «Жасыл желек» бағдарламасы негізінде декоративті бау егілді. Үш жақты келісім шарт бойынша ауданға 20 техника алу межесі белгіленгенсе,  10 техника алынып, тапсырма  50 %  орындалды. Аудан бойынша 13007 гектар егістік жер игеріліп,  бұл жөнінде белгіленген меже 105 пайызға орындалды. Үй іргелік 1577 гектар жерді игеру тапсырмасы беріліп, тапсырма  100 пайызға ұйымдастырылды. Егін шаруашылығы саласын дамыту мақсатында көктемгі және күзгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан 455 тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлініп, аудан агроқұрылымдары осы бөлінген жанар-жағар майды толығымен алды. Аудан бойынша егілген егіс көлемін сақтандыру жұмысы да біршама нәтижелі жүргізіліп, 1151 гектар алқаптағы егістік сақтандырылды. Суармалы жер көлемін ұлғайту бойынша 305 гектар алқапты айналымға қосу тапсырмасының 45 гектар алқабы  (15 %) жайылымдық жерден суармалы егістік түріне ауыстырылды. Суармалы жер көлемін ұлғайту тапсырмасын орындау мақсатында 2015 жылдан құрылысы өтпелі болған «Біресек» су қоймасы, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ауданда Қыземшек кент округінен «Кең дала» АӨК құрылып кіші мал сою алаңы мен 370 тоннаға дейін ет өңдеу цехы іске қосылды. Сонымен қатар, Шолаққорған ауылдық округінен «Аруана» АӨК құрылып түйе сүтін өңдейтін қымыран цехын ашуға жұмыстар жүргізілуде.

 

http://rgmedia.kz/

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір