• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:02:08
Алматы
+35°

 

Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығында жеткен жетістіктерді елге жеткізуді мақсат тұтқан ақпараттық-насихаттық топтар аудан-қалалардың халқымен кездесуді жалғастыруда. Арнайы ақпараттық-насихаттық топтың бірі Мақтарал ауданында да арнайы семинар өткізді. Басқосуға облыстық ішкі саясат басқармасының жауапты қызметкерлері, аудан, ауыл округтерінің әкімдері қатысты. Бұл туралы «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы хабарлады.

Арнайы топ 1991 жылдан бері елімізде, облысымызда  қол жеткен жетістіктер мен оң көрсеткіштер жайын баяндады. Мемлекеттік бағдарламалар аясында қолға алынған тірліктерін екшеп, атқарылған істің қарқынды екенін айтады.

Мақтарал – халқы тығыз орналасқан аймақ. Мұндағы мал баққан халық та, жер емген диқан да жылдан жылға мол ризыққа кенеліп келеді. Ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру бағытында да атқарылған шаруа көп. Диқандар тек мақта егіп қана қоймай, жұртты көкөніс пен бақша дақылдарымен қамтамасыз етуде көш бастап тұр.

Айта кетейік, мемлекет тарапынан көрсетілген қаржылай көмектің арқасында  шағын және орта кәсіпкерлік те күн санап дамып келеді. Семинарға қатысқан түрлі саланың мамандары бұл жетістіктің барлығы Тәуелсіздіктің жемісі деп тарқасты.

Айта кетейік, облысымызда қолға алынған «Ашық әкімдік» жобасы бойынша мемлекеттік органдары өздерінің атқарған жұмыстары туралы кез-келген ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті. Әкімдіктер бюджет, әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты мәліметтерді халыққа жеткізіп, әрбір азамат бұған қатысты өзінің ой-пікірін білдіруге құқылы.

http://rgmedia.kz/

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір