• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 23:01:44
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

08 Қараша, 2016 Аймақтар

Ірі қара көбейіп келеді

 

 

Түлкібас ауданының әкімі Ә.Тұрғымбеков өңірдегі ауылшаруашылығы саласында сегіз айда атқарылған жұмыстары жайлы есеп берді. Бұл туралы аудан әкімдігінің ресми сайты «Ашық әкімдік» жобасы аясында хабарлап отыр. Мәлімет бойынша ауданда игерілетін суармалы жер көлемі ( жоспар -14 827 га)  бойынша берілген  жоспар 100% орындалған.Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау  бойынша  (жоспар  48 дана,  алынғаны  43 дана  – 89,5%).  Алдағы жылдармен салыстырғандаауыл шаруашылығы  техникаларының құны  50-80%  қымбаттауына  байланысты,  жаңа техникалар мен құрал жабдықтарын  сатып алу  пайызы төмендеуде. 2016 жылға егілетін бау  жоспар  900 га, орындалғаны 122 га (13,6%). Бағдарламаға  сәйкес, ауылшаруашылық  субсидиясының төленбеу себебінен бір қатар АШТӨ  бау егуден бас тартты. Алайда субсидия төленетін болса, бау егу қайта қолға алынбақ. Ауданның барлық шаруашылық санаттары бойынша 10 840,3 тонна ет 102,9%, 36 613,7 тонна сүт 101,8%, 12 625,3 мың дана жұмыртқа 102,0%, 246,0 тонна жүн 102,9% өндірілді. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 430 бас алынып  107,5 пайызға орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 406 бас сатып алынып, жоспар 4,0 есеге артығымен орындалды."Құлан" бағдарламасы бойынша «Тобылғысай» ШҚ – 75 бас  (4,5 млн. теңге «Агронесие корпорациясы арқылы ) жылқы алған. Аудан бойынша барлығы алынғаны 126  бас, Орындалуы – 126%.

http://rgmedia.kz/

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір