• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:41:10
Алматы
+35°

 

Тәуелсіздік жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге жетті. Өңірдегі мал басы өткен жиырма бес жылда еселеп көбейді. Нақты цифрларды сөйлетейік.

1991 жылы облыстағы ірі қараның саны 464 300 бас болса, 2016 жылы ол 778 400 басқа жетті. Аталған мерзім ішінде жылқы 91 100-ден 207 000-ға жетті. Ал түйе 17 800 бастан 21 900-ге көбейді.

Облыста ет-сүт өнімдерін өндіру көлемі де артты. 1991 жылы өңірде 107 800 тонна ет өндірілсе 2016 жылы ол 202 400 тоннаға жетті. Сүт өнімдерін өндіру көрсеткіші аталған мерзімде 436 400 тоннадан 710 600 тоннаға дейін жоғарылады.

Биыл облыста ауыл шаруашылығын қолдауға жалпы 29 млрд. теңге бағытталып отыр. Егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғаруәдісін кеңінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау құрылыстары,мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 123млрд.теңгені құрап, 2% артты. Егіс көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артып, 788 мың гектарды құрады.

Суармалы 466 мың гектар жердің 93% игерілуде (434 мың гектар).

Ағымдағы жылы дәндік жүгеріден 108,4мың тонна, көкөністен 811мың тонна, бақшадан 1 252мың тонна, картоптан 195мың тонна, масақты дақылдардан 470 мың тонна өнім жиналды.

Айта кетейік, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында берілген тапсырмаға сәйкес жүзеге асып жатқан «Ашық әкімдік» жобасы бойынша жергілікті әкімдіктер өздерінің атқарған жұмыстарын ашық ақпарат көздерінде жариялап, кез-келген мәліметтің ашықтығын қамтамасыз етуде.

http://rgmedia.kz/

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір