• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:36:28
Алматы
+35°

 

«Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы ауыл шаруашылығы саласының локомативіне айналып келеді. Соңғы 3 жылда бақша дақылдарының жыл сайынғы жиналуы 1 млн. тоннадан асады. Республикадағы жылыжай шаруашылықтарының 87℅ біздің өңірде орналасқан. Облыс республика бойынша мақта көлемінің 100℅, жүзім мен бақша дақылдары көлемінің 70℅ құрайды», - деді ОҚО-ның әкімі Ж.Түймебаев «AgriTek Shymkent’2016» V халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесінің ашылу салтанатында.

  Халықаралық шарада Қазақстаннан бөлек, Ресей, Түркия, Германия, Испания, Ұлыбритания сынды шетелдік компаниялар келушілерге өз өнімдерін ұсынды. Атап айтқанда, шараға қатысып жатқан 50-ден астам компания өкілдері ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайту технологияларын, жылыжайларды, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал шаруашылығына арналған технологияларды, ветеринарлық технологияларды оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерге кеңінен таныстырды.

Көрмені аралау барысында облыс әкімі отандық тауарөндірушілердің өнімдеріне айрықша көңіл бөліп, оны өткізудің түрлі жолдарын қарастыру арқылы сауда-саттықты жандандыру қажеттігін айтты.

Жалпы, өңірдің ауыл шаруашылығындағы жетістіктеріне тоқталсақ. Биыл аймақтағы өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру нәтижесінде 1991 жылмен салыстырғанда бау-бақша дақылдарының егіс алаңы 49 мың га-ға ұлғайып, 59 мың га құрады. Яғни, көкөністер көлемі 27 мың гектарға көбейіп, 40,4 мың га болды. Сондай-ақ, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің егістік алаңы 30 мың га жетті.

Биылғы маусымда жиналған жеміс-жидек дақылдарының түсімділігі 85,0 ц/га болса, жүзім 100 ц/га құрады. Тоннаға шақсақ, жалпы жиналған жеміс-жидек көлемі 126 мың тонна, ал жүзім - 63 мың.тн құрады.

Агроөнеркәсіп кешені мамандарының өзара тәжірибе алмасып, жаңа технологиялармен бөлісу, сонымен қатар, бірлескен бизнес-жобаларды құруын мақсат тұтқан көрме 11 қарашаға дейін жалғасады.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асып жатқан «Ашық әкімдік» жобасы бойынша мемлекеттік органдар өздерінің атқарған жұмыстарын халыққа жеткізіп, кез-келген ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз етуде.

http://rgmedia.kz/

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір