• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қазан, 20:56:35
Сайлау қарсаңында "жоғалып кеткен" актер Шри-Ланкадан сәлем жолдады (видео)

12 Қараша, 2016 Аймақтар

ОҚО-да жыл басынан бері 3397 аграрлық жоба қолға алынды

 

 

Оңтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған «Алтын күз-2015» дәстүрлі мерекесі аталып өтті. Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов барша ауыл шаруашылық мамандары мен дихандарды құттықтап, аграрлық саланың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.

Өңірде 772,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ал 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы өнім көлемі 247,3 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,2 млрд.теңгеге артып отыр. Жыл соңына дейін жалпы өнім көлемі 350 млрд. теңгеге жеткізілмек.

Өңір басшысы өз сөзінде аймақтың ауыл шаруашылық саласын жоғары деңгейде дамыту үшін келесі бесжылдықта жаңа саясатқа көшуді ұсынды. − Ең алдымен өңірдегі суармалы жерлердің жағдайын жақсартып, жаңадан суармалы жерлерді айналымға қосу, екіншіден фермерлерге төмен пайызбен берілетін несиелердің көлемі арттыру. Сонымен қатар, облыс көлемінде машина-тракторлық станциялар (МТС) ашу қажеттігін, фермерлерге ғылыми-консультациялық қызмет көрсететін орталықтар құру. Және әр ауданның ауыл шаруашылығындағы бағыттары айқындалып, 2020 жылға дейінгі нақты индикаторлар бекітілмек, − деді Б.Атамқұлов.

Бүгінгі таңда тамшылатып суару теxнологиясын енгізу 43 мың гектарға жетіп, бұл республикалық көрсеткіштің 72 пайызын құрады. Ал жылыжайлардың жалпы ауданы 1019,2 га жетіп, республикалық көрсеткіштің 87 пайызын құрап отыр. Осы жылыжайлар есебінен бүгінгі күнге 150 мың тонна көкөніс өнімі өндірілді. Ал жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 220 мың тонна болса, бұл еліміздегі қоймалардың 5/1 бөлігін құрап отыр.

Сонымен қатар, облыста ірі қара малдың саны 859 мыңға, қой мен ешкілер 4 млн 111 мыңға, жылқы 224 мың, түйе 23,4 мың болса, құс басы 2 млн 460 мың болып отыр. Жүйелі жұмыстың арқасында жыл басынан бері 143,1 мың тонна ет өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға артты. Ал сүт өнімі 554,3 мың тн, жұмыртқа 224,4 млн дана өндірілді. Осы ауыл шаруашылығы бағытында аймақта жыл басынан бері 3397 жоба іске асырылды.

Мерекеде үздік ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен аудан, қалалардағы кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері жалпы 63 сертификат пен 15 «Алғыс хат» табысталды. Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің төс белгісімен Мақтарал, Сарыағаш аудандарының шаруа қожалықтары наградтталды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір