• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
24 Қазан, 01:14:09
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

09 Қараша, 2016 Аймақтар

«Наурыз мейрамы: көктемнің, бірліктің, кешірімділік пен рахымдылықтың құтты мейрамы» атты оқу құралының тұсаукесері өтті

2016 жылдың 9 қарашасында Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық қатынастар орталығы Достық Үйінде  Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер...

2016 жылдың 9 қарашасында Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық қатынастар орталығы Достық Үйінде  Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессорлары Әлия Әлімжанова мен Меңдіғаным Шаймерденованың «Наурыз мейрамы: көктемнің, бірліктің, кешірімділік  пен рахымдылықтың құтты мейрамы»   атты оқу құралының тұсаукесері өтті.

Кітаптың рецензенттері – әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры Т.Х. Ғабитов пен Г.Т. Алдамбергенова. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен студенттері,  Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистранттары, басшылығы және профессорлары, белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.

Еліміздің 25 жылдық тәуелсіз кезеңі тарихында қалыптасқан көпэтносты қазақстандық қоғамдағы ұлттық мемлекеттілікті нығайтуда, мәдени дәстүрлерді жалғастыруда мемлекеттік мерекелердің рөлі ерекше. Соның ішінде Наурыз мерекесі – тарихы тереңнен бастау алатын, ұрпақтан ұрпаққа мирас етілген бай мәдениетіміздің көрінісі, мәдениеттер сабақтастығының жемісі. Наурыз мейрамы  – Таяу Шығыс елдері, Орта Азия халықтары, күллі Түркі дүниесінің дүбірлі мерекесі. Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңелген кезі, ақ түйенің қарны жарылған күн, Самарқанның көк тасы жібитін күн, Ұлыстың Ұлы күні. Бұл мерекенің діни белгілері жоқ болғандықтан көпұлтты, көп конфессиялы Қазақстан халқы Наурызды бір кісідей тойлайды. Бұл мерекенің саяси, мәдени-әлеуметтік маңызы өте зор. Наурыз мейрамы – ұлтаралық татулық пен келісімнің, бірлік пен толеранттылықтың нышаны, жастарда  патриоттық сезімді оятатын, еліне, мәдениетіне деген құрметті асқақтататын бірден бір мейрам.

Наурыз мейрамының тарихы мен мазмұнын зерттеп, маңыздылығын айқындаған авторлар қазақ мәдениетінің дәстүрлі кезеңі мен қазіргі жаһандану процестері арасындағы сабақтастық идеясын бір оқулыққа сыйдырған. Бұл еліміздің қоғамдық-гуманитарлық білім саласының дамуына, жалпы дүниетанымдық көкжиектің кеңеюіне, қоғамда ұлтаралық қатынастардың келісімдене түсуіне атсалысады. Қазақстан халқын біріктіруші ұлттық идеясын пайымдаудағы сипаты көпэтносты халқымыздың ынтымақта өмір сүруіне, еліміздегі рухани және әлеуметтік кеңістікті жаңғыртуға өз үлесін қосатындығына сенімдімін.

 

Тұрсын Хафизұлы Ғабитов

Философия ғылымының докторы, профессор, академик

Айбала Манапова

ҚазҰУ

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының

Мәдениеттану мамандығының 2 курс магистранты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір