• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:08:37
+35°

Бүгін Американың ndtv.com сайтында "Лос-Анджелестегі мешіттердің біріне қоқан-лоқы хат жолдаған адамдарды іздестіруде" деген атаумен материал жария көрді. Мұндай әлеуметтік маңызы бар ақпаратты Қамшы порталы ағылшын тілінен аударып, оқырман назарына ұсынуды жөн санады.

   Хатта мұсылмандарды «Ібілістің балалары» деп көрсетіп, оларды «жауыз және оңбаған» деп теңеген. Оған қоса, жаңадан сайланған Дональд Трампқа мақтау айтып, мұсылмандарға Гитлердің яһудилерге істегенін қайталайтын боламыз деген уәдесін хатта жазып қалдырыпты. Олар Калифорнияның үш бірдей мешітіне және Джоржия штатына да жіберілген.

    «Есеп беретін кездерің келді» деп жазылған дейді  Америка-ислам қатынасы кеңесінің АҚШ-тағы насихаттау қызметінің ұйымы. «Қалаға жаңа басшы келді. Президент Дональд Трамп Американы тазартып, оны қайта жандандыратын болады. Сосын, мұсылмандар, сендермен айналысады» деп жазылған хаттың соңын «Америкалықтар жақсы жол үшін» деп аяқтаған.

   Лос-Анджелестің полиция бастығының орынбасары Майкл Даунинг Калифорниядағы мешітке жіберілген екі хат та 19 қарашаға белгіленген мөр екенін айтады.

Федаральдық тергеу бюросының бұған дейінгі сараптамасы бойынша АҚШ-тағы мұсылмандарға деген өшпенділік қылмыстар саны осы жылы 67%-ға артқан. Бұл – 2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғадан кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш.

Аударған: Марал Шайхы

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір