• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:44:25
Алматы
+35°

radiotochka.kz сайтында "Кто такой Шавкат Мирзиёев?" атты мақала жарық көрген болатын. "Қамшы" порталы оқырман назарына материалдың қазақша нұсқасын ұсынады.

Кеше ғана көрші мемлекет Өзбекстанда президент сайлауы өткендігі белгілі. Тілшілердің айтуынша, таққа уақытша мемлекетті басқарып келген Шавкат Мирзиёевтің отыруы әбден мүмкін. Дегенмен, ол жайында әлі нақты дерек жоқ. «Ашық онлайн Азия» тілшілері бұл келеңсіздіктің алдын-алу мақсатында бұл адам жайлы деректер жинап, жариялады.

1. Шавкат Мирзиёев қайда дүниеге келді?

Шавкат Мирзиёевтің қай жерде туылғанына байланысты екі түрлі дерек бар: бірінші, ол Өзбекстанның Джиззақ облысы Заамин ауданында дүниеге келген; екінші, Мирзиёев ол жерге 60 жылдарда ғана келген, ал өзі Тәжікстанның Ұра-Түбен облысы Яхтан ауылында туылған.

Бұл деректерге қатысты нақты мәлімет алу үшін тілшілердің бір тобы Тәжікстандағы ауылға сапар шегіпті.  Ол жердің тұрғындары Шавкат Мирзиёевті жақсы таниды екен, бірақ бір қызығы ол жайлы тіс жарып айтқысы келмейді. 2003 жылы Мирзиёевті премьер-министр етіп тағайындаған кезде Яхтан ауылының тұрғындарында мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен бір мәселе болғанға ұқсайды. Сол себептен болар, Шавкат Мирзиёев жайлы ешбір адам қандай да болсын бір ақпарат айтқысы келмеген тәрізді.

2. Шавкат Мирзиёев тәжік пе?

Яхтан ауылының басым көпшілігі өзбек халқы болғандықтан оның тәжік емес өзбек ұлтынан болуы әбден мүмкін. Алайда, Мирзиёев арғы аталары Тәжікстандағы Матч елді мекенінің тумалары, ақсүйек тұқымдары екендігі белгілі болды. Сол себептен де олардың есімдері «Мир», яғни, билеушілер деген ұғымды білдіретін тіркестен басталады.

3. Шавкат Мирзиёев қайда білім алды және қай жерде жұмыс атқарды?

Мектепті бітірген соң Шавкат Мирзиёев Ташкенттің ауылшаруашылық институына оқуға түседі.  Ол комсомол ұжымының хатшысы болып жұмыс істейді, кейіннен сол институттың проректоры болып тағайындалады. Сонан соң Ташкенттің Құйбыш ауданында әкім қызметіне отырып, 1996 жылы Джиззақ облысының басқарушысы болады. 2003 жылы жоғарыда атап өткендей премьер-министр болып сайланады. Сонымен қатар мақта шаруашылығына жауапты болады.

4. Шавкат Мирзиёев қандай отбасыдан шыққан?

Шавкат Мирзиёев – дәрігер Миромона Мирзиёевтың ұлы. Ол жұбайы көз жұмғаннан кейін бар өмірін туберкулезбен күреске арнаған. Балалық шағында Шавкат Мирзиёевті өгей анасы тәрбиелеп өсірген. Бұл деректерден тағы да екі түрлі нұсқа шығады: 1) өгей анасы оны бар ықыласымен махаббатқа бөлеп өсіргендіктен оны өгей деп айтқанды ұнатпайды; 2) кез келген қателігі үшін Шавкат Мирзиёевті сусыз, нансыз қалдырып, қатаң жазалағандықтан ағасының үйіне көшіп баруға мәжбүр болған.

Оның әйелі мен балалары жайлы ашық мәліметтер бүгінгі таңда еш жерде кездеспейді. Шавкат Мирзиёев баспасөз қызметкерлерімен көп тілдеспеген, 2006 жылы желіде алғаш рет оның суреті жарияланған кезде тілшілерге үлкен жаңалық болды.

5. Шавкат Мирзиёевтің мінез-құлқы қандай?

1990 жылдары Ислам Каримовтың баспасөз хатшысы болып жұмыс атқарған Шарофа Убайдуллаева Мирзиёевті «үнемі өзінің айтқандарын дұрыс деп бағамдайтын, көп ашыла бермейтін тұйық адам» деп есептейді.

Шавкат Мирзиёев Түрік азаматтығын алғаны үшін Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, композиторы Абдулазиз Кәрімді барлық атақ-дәрежелерінен айырып, оны «ұлт сатқыны» деп атаған. Бұл – оның ең қатаң жазалаған түрі болатын.

6. Шавкат Мирзиёев пен Алишер Усмановтың арасында қандай байланыс бар?

Үш жыл бұрын жан түршігерлік жол апатынан қаза тапқан Алишер Усмановтың жиені – Бабур - Шавкат Мирзиёевтің жиенінің жары болған. Олардың тойлары 2009 жылдың мамырында өтті. Сол кезеңде БАҚ жаңалықтарында Мирзиёев пен Усманов арасындағы бұл байланыстың орнағаны марқұм президент Ислам Каримовқа ұнамағаны жайлы айтылған болатын.

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір