• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:12:36
Алматы
+35°

05 Желтоқсан, 2016 NEWS

Марат Шибутов: БІЗДІҢ КҮШТІК ҚҰРЫЛЫМДАР АСТАНАДА ТЕРАКТ БОЛМАЙ ҚОЗҒАЛМАЙДЫ

Өтіп бара жатқан 2016 жыл ел есінде Алматы мен Ақтөбеде болған терактілермен қалары анық. Алайда, танымал саясаттанушы Марат Шибутов Ақпараттық-талдау...

Өтіп бара жатқан 2016 жыл ел есінде Алматы мен Ақтөбеде болған терактілермен қалары анық. Алайда, танымал саясаттанушы Марат Шибутов Ақпараттық-талдау орталығына берген сұхбатында Қазақстанның күштік құрылымдары бұл қайғылы оқиғалардан тиісті сабақ алмағанын айтады.

Саясаттанушы қос бірдей терактіні кез-келген елде, кез-келген уақытта болуы мүмкін қарулы қақтығыс деп бағалайды.

«Мысалы, бейбіт күн кешіп жатқан Норвегия мен Брейвикті алайық. Күлікбаев – жалғыз террорист. Ал, Ақтөбедегі жағдай Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жергілікті бөлімдері жіберген ағаттықтан болды. Бұған және ДАИШ-тықтардың үндеуі де әсер етті», - деген ол бұл терактілерден қандай да бір жүйелілік байқамайтынын айтады.

«Бұл жердегі басты жүйелілікті тек бізде ешкімнің нақты терроризммен күресуге құлықсыз екендігінен ғана көреміз. Біз жанама, екінші кезектегі құбылыстармен күресіп жатырмыз. Мысалы, лаңкестікке қарсы заңнамаларда аңшы мылтықтарын сатуға қатысты нормаларды күшейту көзделуде. Алайда, лаңкестер мен аңшыларды бір-бірімен байланыстыру қисынсыз. Яғни, құқыққорғау органдары лаңкестік қауіптің қандай да бір формальды белгілерімен күрескілері келеді, ал, шынайы терроризммен күрескілері келмейді. Өйткені, не оны әлі күнге қатер деп санаймайды немесе террористерден шынымен қорқады. Олай дейтінім, егер террористер күштік құрылымдар мен судьяларға қарсы мақсатты түрде белсенді шабуыл бастаса оған біздің жүйе әлі дайын емес. Мұндай шабуылдардың неге алып келетінін біз үш миллион халқы бар Дағыстан мысалынан білеміз. Онда 2011 жылы 211 күштік құрылым қызметкері қаза тапқан болатын», - дейді Марат Шибутов.

Сарапшыны лаңкестікпен күресте жайбарақаттық танытқан құқыққорғау органдары елде үлкен бір теракт болуын күтіп отырғандай әсерде қалдырыпты.

«Менің ойымша, террористік шабуылдар Алматыдағыдай аудандық ішкі істер басқармасына емес, Астананың өзіне, министрлікке жасалғанда ғана күштік құрылымдар бар қауіп-қатерді толық  сезінетін сияқты. Әзірге ІІМ орталық аппараты қызметкерлеріне емес, өңірлерде аудандық ІІБ-лерге шабуыл жасалып жатқанда ешкім бұған мән бермейді», - дейді ол.

Сондай-ақ, Үкіметтегі ауыс-түйістер мен премьер-министр Бақытжан Сағынтаев кабинетінің қызметіне қатысты пікір білдірген, М. Шибутов Бақытжан Әбдірұлының ендігі міндеті түрлі наразылық шаралары мен митингілердің болуына жол бермеу дейді. Ол үшін үкімет мүшелері бар жауапкершілікті мойнына алып, даңғаза шаралармен емес, маңызды шешімдер қабылдаумен айналысуы керектігін айтыпты.

Жомарт Абдоллаұлы

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір