• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:29:55
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2016 NEWS

АМЕРИКАЛЫҚ САРАПШЫ: «ЕГЕР АҚШ БОЛМАСА, ҰЛТШЫЛДАР РЕСЕЙДІ ЖЕРМЕН ЖЕКСЕН ЕТУШІ ЕДІ»

politolog.net сайтында «Если бы не США, нацисты стёрли бы Россию с лица земли, — американский эксперт» атты мақала жарияланған. qamshy.kz...

politolog.net сайтында «Если бы не США, нацисты стёрли бы Россию с лица земли, — американский эксперт» атты мақала жарияланған. qamshy.kz сайты оны аударып, назарларыңызға ұсынуды жөн көрді. 

  Бір  жазбаның астында маған «Одақтықтар екінші майданды қашан ашты?» деген сауал жолданыпты.  Оның астарында – біз Гитлермен жан берісіп соғысып жатқанда, одақтықтар қол қусырып отырды да, Еуропаның үлесіне ортақтасу үшін дайын асқа тік қасық болды деген мағына жатыр.  

Оның растығы дәлелденбегендіктен,  тарих бұрмаланды және фашизмге қарсы күресте еліміздің рөлін төмендетті деген айыппен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Шын мәнісінде Совет Одағын талқандалуынан сақтап қалған одақтықтар. Екінші майданда (шын мәнісінде бірінші) ағылшындар француздармен бірлесіп 1939 жылы 3 қыркүйекте Германияға қарсы соғыс ашты. Сол уақытта СССР Германияға мұнай, мақта, астық, жанармай және басқа да соғысқа қажетті стратегиялық тауарларды  беру арқылы олармен одақтасты. Германиямен бірігіп, Польшаға қарсы соғысты (Польша мен СССР-дың 1945 жылдың 31 желтоқсанға дейін шабуыл жасамау туралы келісіміне қарамастан). Еуропа үлесі туралы да келісімге де қол қойылды. Оны Молотов мен Риббентроп пактісі деп атады. Шын мәнісінде бұл Сталин мен Гитлердің пактісі.  

Германия Францияны аз уақыттың ішінде талқандағанымен, ағылшындар Гитлермен соғысуқа қорықпады. «Біз соңына дейін барамыз. Францияда да, теңіздер де, мұхиттар да соғысамыз. Нық сеніммен, сарқылмас күшпен өз аралымызды қорғаймыз. Жағалауларда, алаңдарда, көшелерде жан берісіп күресеміз. Біз ешқашан берілмейміз». Британия үшін бір ғана күресте (9 шілде – 30 қазан 1940 жыл) ағылшындар 1700 астам неміс ұшақтарының көзін жойды. Ал Атлантикаға қатысты күресте, одақтықтар 700-ден аса су асты қайықтарын талқан етті. Су асты флоты Германияның элитасы еді. Ол үшін ештеңені аямады. Әр су асты қайығы, ондаған салынбаған танктер мен ұшақтар десе де болады.

1941 жылы 26 шілде де одақтықтар АҚШ-ғы жапондық активтерді тоқтатып, тағы бір фронт ашты. Елге әкелінетін мұнайдың 95% тоқтатылды. Осы себептер Жапониямен соғысуға түрткі болды. Осылайша Кеңес Одағын жапондықтардың Алыс Шығысқа шабуылынан сақтап қалды. Бұл елдегі ең қиын заманда сібір дизизиясын Мәскеуге жіберуге мүмкіндік берді.

Курстік ұрыста одақтықтар Сициялаға тоқтап, Гитлердің Ресейге қорды жеткізуге мүмкіндік бермей, италияндық компанияны бастады. Осылайша 1943 жылы Италияны соғыстан шығуға мәжбүрледі.

Одақтың авиациясы Еуропада үлкен әуе флотын ұстауға мәжбүрлеп, Германияның өнеркәсіп пен инфрақұрылымын жойды.

1941 жылдың қараша айынан бастап Кеңес Үкіметі де ленд-лиза арқылы американдық көмекке қол жеткізетін болды. Гарриман АҚШ делегациясына нұсқаулық бере отырып «Қайтарымын күтпей, беру, беру және беру керек» деп бірнеше мәрте қайталады.

Кеңес Үкіметі 11 миллиард доллар көлемінде көмек алды. 18 мың ұшақ пен 11 мыңнан астам танкі, 44 мың джип берілді. Көрсетілген көмек туралы Жуков былай деді: «350 мың көлік алдық. Қандай көлік десеңізші!.. Бізде жарылғаш заттар жоқтың қасы еді. Винтовка патронын жабдықтайтын ештеңе болмады. Американдықтар бізге көп көмегін тигізді. Ал қанша жаймалық болат әкеп берді. Олардың көмегі болмаса,  біз қысқа уақытта  танк өндіруді қолға ала алмаушы ма едік? Аты аңызға айналған «Катюшаның»  негізгі шассиі – американдық «Студебеккер» болды.

1942 жылдың ақпан айында советтік өнеркәсіптің тек жартысы ғана қалды. Жарылғыш заттарды өндіру ақсаңдады. Алюминий шығаратын үш зауыттың тек бірі қалды. Оның өзі Уралдағы кішкентай зауыт болатын. Алюминийді өндіру үшін көп электр қуаты керек. Сондықтан зауыттар Днепрде, Волхов электрстанциясының жанында орналасты. Ол жерге де немістер келді. Соғыс уақытында Кеңес Үкіметі 263 мың тонна алюминий өндіре отыра, одақтықтардан 328 мың тонна алды. Яғни, аз дегенде советтік ұшақтардың жартысы амеркандық және канадалық алюминийден жасалды.

Ленд-лиза бойынша Советтік Әскери-теңіз флотына 500 әскери кеме жеткізілді. Оның ішінде - 28 фрегат, 89 тральщик, су асты кемесін аңдитын 78 үлкен  құрылғы, 60 күзеткіш кішігірім кеме бар.

Кеңес Одағы соғыс жылдары өз локомотивтерін шығармады. Американдықтар 1900 паравоз бен 66 дизел-электровоз әкелді. Олар кеңес өндірісіне қарағанда вагондарды 10 есе көп жеткізді. Американың консервіленген еті 100 мыңдаған совет адамдары аштықтан сақтап қалды. АҚШ 4 жарым миллион тонна тағам жеткізді. Осының барлығын Кеңес Үкіметі тегін алды. Ұрыс кезінде жойылған АҚШ техникасына өтемақы төленбеді. Ленд-лиза заңы өтемақыны тек азаматтық жеткізулерге ғана қарастырды. Олар -  темір жол көлігі, электр станциялары, кемелер, жүк көліктері мен басқа да жабдықтар.  Американдықтар бірнеше мәрте қарыздың мөлшерін азайтты. Нәтижесінде 2006 жылы Ресей ленд-лиза бойынша 722 млн $ бөліп төледі.

 

P.S. Одақтықтар соғыс жылдарында, Атлантикада Германияның 783 су асты кемесін батырып жіберген. Одақтықтардың Мурманск пен Англияға АҚШ арқылы жіберілген  әскери кемелердің саны  - 3000 жеткен. Егер АҚШ мұндай шығындарға дайын болса, Германия үшін бұл ауыр соққы болды.

                                                                                                                            

Alexander J Flint

 

                                                                   Аударған Әсем Әлмұханбет

 

 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір