• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:57:27
Алматы
+35°

08 Желтоқсан, 2016 NEWS

ЖАПОНДЫҚ САРАПТАМА: «АЗИЯДАН АМЕРИКАЛЫҚТАРДЫҢ КЕТУІ ҚЫТАЙДЫҢ ПОЗИЦИЯСЫН НЫҒАЙТУЫ МҮМКІН»

Жапондық саясаттанушы Юити Хосоя, халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Премьер-министрдің кеңесшісі Die Presse-ке берген сұхбатында Азияға төніп тұрған қауіп...

Жапондық саясаттанушы Юити Хосоя, халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Премьер-министрдің кеңесшісі Die Presse-ке берген сұхбатында Азияға төніп тұрған қауіп жайлы, Қытайдың үстемділікке ұмтылуы жайлы және Дональд Трамп аймақтағы алдағы тұрақсыздықтарға қалай болысатыны жайлы айтты.

«Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия бүгінгі күні қайшылықтарға толы уақытты өткеріп жатыр: аймақ экономикалық серпін жағынан алдыңғы қатарлы позицияны алып отыр, сонымен қатар бұл өте қауіпті.  Қытайдың аумақтық үстемдікке ұмтылу салдарынан соғыс туу қаупін болжап отыр. Пекин Шығыс Еуропада КСРО-ның аумақтық үстемдік еткені сияқты АҚШ-тың Қытайға сол статусты нығайтуға мүмкіндік беруі үшін АҚШ-тың аймақтан кетуіне біраз жылдан бері тырысып келеді. Егер америкалықтар Азиядан кететін болса, Қытай, тіпті, қажет деп табылған жағдайда, айтылғандардың орындалуына күш салуы да мүмкін», – деп есептейді сарапшы.

ҚХР басшысы Си Цзиньпин соғыстың қауіпті екенін үнемі айрықша айтып отырады. Бұл дегеніңіз, Қытайда соғысқа бағыттайтын күш бар екенін білдіреді. Көптеген генералдар энергетикалық компанияның акцияларын иемденіп алған және Оңтүстік Қытай мен Шығыс Қытай теңіздерінің ресурстарын пайдалана отырып, баюды көздеп отыр. Си Цзиньпин прагматик, – дейді жапондық саясаттанушы. – Ол соғысты қаламайды, бірақ оған ұлтшылдар керек, олар – биліктің негізі. Сондықтан ол оң жақ қапталдың өкілдері мен прагматизмның арасында тепе-теңдікті ұстап тұруға тырысады».

Трамптың Транстынықмұхиттық серіктестіктен шығу туралы мәлімдемесіне түсінік беру арқылы «АҚШ-тың мұндай қадамы өздеріне кері әсер етеді және Қытай позициясын нығайтады», – дейді. «Америка экономикалық жағынан ең динамикалық аймақтан кетпекші, ал Қытай өз кезегінде экономикалық үстемдігін арттырып, геополитикалық позициясын нығайтады». Сарапшының айтуынша, Жапония АҚШ-қа аймақтан кетпеуіне қысым көрсетуі керек. «Бірақ біз шындықтың көзіне тура қарауымыз керек: ерте ме, кеш пе америкалықтар Азиядан кетеді, тіпті, Хиллари Клинтон Президент болса да, бұл айтылатын еді. Трамп жай ғана жоспарланған тенденцияны жеделдетті. АҚШ ендігі Оңтүстік Кореяны, Жапонияны және Филиппинды қорғай алмайды. Бірақ бұл оның осал тұсы болмақ: Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізінде әскери базасы бар, оның атомдық сүңгуірі АҚШ территориясына шабуыл жасауға қауқары жетеді. Егер Пекин аймақта үстем позицияны иеленетін болса, Америкаға қауіп төнуі мүмкін.

«Жапония өзінің атомдық бағдарламасын шығармайды, – дейді сарапшы. – Мұндай қадамдар алдағы тұрақсыздықтарға әкелуі мүмкін. Біз мәселені бейбіт жолмен шешуге дағдыланғанбыз. Америкалықтардың кетуі Жапонияның позициясын нығайтады: көрші елдер бізге жүгіну арқылы өздерін қауіпсіздікте сезінетін болады».

Солтүстік Корея мен оның атомдық бағдарламасына келетін болсақ, Пхеньян атомдық держава деп өзін мойындағанды қалайды. Сарапшы Трамптың бұны мойындауы мүмкін екенін айтады: «Трамп Солтүстік Кореямен келісімге келуі мүмкін еді, алайда бұл Оңтүстік Кореяны атомдық қаруды иеленуіне жол ашуы мүмкін. Халықаралық құқықтан осы сияқты шегіністер – Президент Трампқа туып тұрған ең үлкен қауіп-қатер».

Аударған Шайхы Марал

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір