• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:51:44
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2016 NEWS

САЙЛАУДАН КЕЙІНГІ ТРАМП ӨМІРІ ҺӘМ TWITTER СОҒЫС

Дональд Трамптың жаңа қызметте жүргеніне бір ай болды. Ол АҚШ билігіне әлі келмесе де американдықтардың өміріне өзгеріс енгізе бастады. Д.Трамп  бұрыңғы...

Дональд Трамптың жаңа қызметте жүргеніне бір ай болды. Ол АҚШ билігіне әлі келмесе де американдықтардың өміріне өзгеріс енгізе бастады. Д.Трамп  бұрыңғы президенттердің біріне де ұқсамайды. Ол бұған дейін  президент қызметінде де өзгермейтінін білдірген еді.

Дональд Трамп, БАҚ  баспасөз хаттамасына қарағанда,  әлеуметтік желілердің ықпалы күштірек екенін айтқан. Ол Twitter-ді ашық айқас алаңына айналдырды.

 

Манхэттендегі Ақ үй

Д.Трамп Вашингтондағы Ақ үйге көшу туралы үмітпен, Нью-Йорктағы Trump Tower-де бұрыңғыдай жұмыс істеп жатыр. Ол жерге сайланған президенттің кеңесшілері және министрік лауазымнан үмітті адамдар көп келеді. Енді оның жұмыс орнынан журналистердің шоғырын мен оған қарсы азаматттардың наразылық шараларын жиі көресіз. АҚШ құпия қызметі көшенің жартысын жауып, жергілікті полиция көптеген қалқандар орнатты.

 

Нью-Йорк мэрі, демократ Билл де Блазио Трамп пен оның отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 35 млн бөлуді сұрады.

Лауазымды адамдардың қорғанысы қымбатқа түседі. Мәселен, АҚШ президентінің ел ішінде жүріп тұруы миллион доллар тұрады. Ал шет елге шығу  одан да қымбат. Нью-Йорктің 100 мыңға жуық тұрғыны Трамп пен оның отбасын Вашингтонға көшіру туралы петицияға қол қойды. Өйтпеген жағдайда шығындардың барлығы қалалық биліктің мойнында болады.

Трамптың әйелі Милани Нью-Йоркте 2017 жылдың жазына дейін қалатын болды. Ұлдары Бэррон мектепті аяқтап үлгеруі үшін солай істемек.

Дональда Трамптың ұлдары: Үлкен Дональд, Иванка, Эрик және Тиффани.

 

Трамп Пентагон басышысын таңдады

 

Сайлау алды науқанында Трамп өзін кәсіпкер және консерватор ретінде таныстырды. Ол кімді министр ретінде көретінін айтқан. Енді оны сенат мақұлдау керек. Экономикаға қытысты лауазымдарға - ауқатты менеджер Стив Мнучин және миллиардер Уилбур Росс тағайындалады. Екеуі де бұған дейін үкіметте жұмыс істемеген. Білім министрлігіне миллиардерлердің мұрагері Бетси Девості ұсынды.  Аты аталғандардың мемлекеттік қызметте жұмыс істеп көрмеген. Болашақ ООН елшісі Каролина Никки Жейлидің де ешқандай тәжірбиесі жоқ.

 

Трамптың тобында тәжірбиелі заң шығарушылар бар

 

Трамп әлі күнге дейін мемлекеттік хатшыны тағайындамады. Бұл қызметке Нью-Йорктың бұрыңғы мәрі Йорка Рудольф Джулиан, президенттіке үміткер болған Митт Ромниді ұсынып отыр.

 

Time журналы  Трампты не үшін  "жыл адамы" ретінде таңдағанын түсіндірді

 

Трамп сыртқы саясатқа қатысты бірқатар мәлімдеме жасады. Ресеймен қарым-қатынасты түзеткісі келетінін айтқан. New York Times журналистерінің «Екі ел арасында қарым-қатынас түзелетініне сенесіз бе?» деген сұраққа, «жоқ» деп жауап берген.  Путин мен Трамптың жеке әңгімесінде екі елдің арасы «суық» деген тоқтамға келген және оны бір қалыпқа келтіруге уағдаласқан. Ол Украина президенті Петр Порошенкомен де сөйлесті.

Трамп, президент сайлауына Ресейдің ешқандай қатысы жоқ деп есептейді. Ол көптеген елдердің президенттерімен сөйлесіп, құттықтауларын қабылдады. Пәкістандық премьер-министр Наваз Шарифқа елдегі барлық мәселелерін шешуге көмектесетінін айтты.

Трамп Фидел Кастроны «диктатор»деп атады. Ол АҚШ басқыншылық саясатын тоқтататын ескертті.

 

 Twitter-дегі соғыстар

 

Twitter Трамп үшін әлеммен сөйлесудің басты қарым-қатынас құралы екенін көрсетті.  Оның жазбалары жаңалықтарда қызу талқыланады.

Алғашқы айларда Трамп қақтығыстаран қорықпайтынын көрсетті. Ол «Гамильтон» мюзиклінде болашақ вице-президент Майк Пенсаны әжуалаған актерлерді кешірім сұрауын талап еткен. Осы ретте ол қоғамда «ел басы сөз бостандығына араласа алама» деген тақырыпта пікір талас тудырды.

Трамп БАҚ-ты әсіресе New York Times газетін сынның астына алды. Аталмыш басылым оны тиімсіз жағын көрсеткеніне наразы.

Сонымен қатар ол Twitter әзіл-оспақ Saturday Night Live бағдарламасы да ұнамайтынын жазған.

 

Балаларды қолдау

 

Трамп көп жағдайда балаларына арқа сүйейді. Ең алдымен үлкен Дональдқа, Иванка мен Эрика және Иванканың оның күйеуі Джареда Кушнерден қолдау күтеді.

Балалары – оның ең жақын үзеңгілістері. Әкелері оларға толықтай сенім артады. Трамп оларға өз кәсібін бере ме әлде ел басқаруды басты кеңесшілері етіп тағайындайтынын әлі шешпеген.

Трамп шет елдік саясаткерлермен кездесуге қызы Иванкамен бірге барған. Мұның өзі үлкен көрсеткіш. Оның күйеуі де Трамптың сеніміне кірген адамдардың қатарында. Ол министрлік қызметіне үміркерлердің бірі. Бұған дейін Трамп израил-палестиналық мәселлерді реттеуді Джаредке тапсыруы мүмкін екенін айтқан. Алайда, анық-қанығын түсіндірмедіы.

Трамп балаларына мемлекеттік құпияға рұқсат алып беру туралы сұрағанын жоққа шығарды. Алайда, олар ел басқаруға өз үлесін қосып жатыр. Көптеген БАҚ пен Трамптың саяси қарсыластары, мемлекеттік құпияға балаларының қол жетімділігң көптеген шиеленіске әкелетін туралы айтқан.

Трамп өзінің кәсібін балаларының қолына өткізуді жоспарлап отыр. Бқл туралы 15 желтоқсанда айтады деп күтілуде. Дональд Трамп президент болып сайланғанға дейін кәсіпкер, шоумен ретінде танылған. Ол жылжымайтын мүлікпен айналысты. Forbes журналы Трамптың байлығын 3,7 млрд долларға бағалап отыр.

 

АҚШ әскери өнеркәсібі болашақты екіге бөліп отыр

 

Трамп, сот процесстерінің белсенді қатысушысы ретінде де танылған. Трамптың университеті алаяқтық деген айыппен кінәлі деп танылып, 25 миллион доллар төлемақы төлеген. Оны университетте студенттерден ақша жинап, ештеңені оқытпады деп айыптаған. Алайда, Трамп өзінің кінәсін млйындамады. Бірақ, өтемақыны төлеген.

Аударған Әсем Әлмұханбет

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір