• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

13 Желтоқсан, 2016 NEWS

ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ КӨРШІ ЕЛДЕРГЕ БЕРІЛМЕУІ ҮШІН КҮРЕСКЕН ҚАЙРАТКЕР

Қазақ КСР Хрущевке қарсы. Қазақстанның жері Ресей, Түркменстан және Өзбекстанға қалай өтті.

Қазақ КСР Хрущевке қарсы. Қазақстанның жері Ресей, Түркменстан және Өзбекстанға қалай өтті.

Бұл мақаланың басты қаһарманы – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов. Ол Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің президиум төрағасы қызметін атқарған. Одан кейін Үкіметті басқарды.

ОК Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаев және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Тәшенов Кеңес Үкіметінің бірінші басшысы Никита Хрущевтен түскі асқа шақырту алды. Бұл күтпеген жағдай еді. Шақыруды Министрлер Кеңесінің төрағасы Алексей Косыгин арқылы беріп жіберді. Дінмұхаммед Қонаев естеліктері бойынша ол үнемі Тәшеновке қарата сөйлеп, сұрақтар қойып, әртүрлі тағамдарды жеуді ұсынып отырды. Мұндай ерекше ілтипаттың себебі біраз уақыттан кейін белігіл болды. Хрущев Қонаевпен оңаша қалғанда Тәшеновті қызметінен босатуды сұраған.

Қазақстан жері Ресей, Түркменстан мен Өзбекстанға өту керек болған

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында республиканың бірінші басшысы болды. Халық мүддесін ешкім ойламады. Себебі елдің кадрлық саясатын Мәскеу жүргізді. Оған Жұмабек Тәшенов бірнеше мәрте қарсы шықты. Ол Леонид Брежневті Кеңес Үкіметі Коммунистік партиясының ОК хатшысы етіп тағайындағанда өз қарсылығын білдірген. Брежнев Астанаға кетіп бара жатып Қазақстанның КП ОК бірінші хатшысы қызметіне И. Яковлева пен Н. Журинді ұсынды. Бюроның басқа мүшелері қынжыла үндемей отырғанда, Тәшенов бұл ұсыныстармен келіспейтінін айтты. «Жергілікті қызметкерлер тың жерлерді игеру жылдары өздерін лайықты дәрежеде көрсете білді. Қиын еңбек мектебінен өтті. Аудан, облыс, орталық аппаратта, министрлікте неліктен  бірде-бір қазақ табылмады?» деп сұрақ жолдады. Тәшеновтың баласы Тәшенов Саян Жұмабекұлының айтуынша, оның әкесін тек ОК хатшысы Тәжиев қана қолдады. «Расымен де, неліктен ОК республика басшыларымен кеңеспей бір жақты кадрлік саясатты ұстанып отыр?» деді Тәжиев.

Бірақ, Мәскеу қажетті шешімдерді жаншып отырды. Ал Ж.Тәшеновтың айтқандарын ұмытпады. Тәшенов Хрущевтің қолшоқпарларымен үнемі текетіреске түсіп отырды. Журиннің қазақ баспасөзін менсінбеушілігін сынап, Целинный хатшысы Соколовке, шет аймақтардағы жерді Мәскеуге беру туралы тағы бір мәрте айтса, 24 сағаттың ішінде республикадан шығарып жіберемін деп сес көрсеткен. Хрущев Қазақстанның солтүстік, оңтүстігін, батыс аймағын бөліп алып, көрші елдерге қосуға талпынды. Солтүстіктегі бес егінді облысты - Ресейге, мұнайлы аймақ Маңғыстауды – Түркменияға, мақта өсіретін жерлерді - Өзбекстанға қоспақ болған. 

Тәшенов соққыны өзіне алды

1956 жылы Оңтүстік Қазақстанның Бостандық ауданының 418 мың гектар шұрайлы жері және отар-отар қойлар Өзбекстанға берілді. Д.Қонаве Л.Брежневтің көмегімен жарты жерді қайтарып алды. «Бұған өзіміз кінәліміз. Біздің жұмсақтығымыз, барлығына бей-жай қарайтын мінезіміз кінәлі» дейді академик Хайдар Арыстанбеков.

1960 жылы республикамыздың байырғы жерлерін басқа елдерге беруге  деген талпыныс қайта басталды. Ақмолада өткен жиналыста Хрущев: «Республикадағы жерлер туралы сұрақ бар. Қонаев мырзамен және облыс басшыларымен аталмыш мәселе турасында ойымызбен бөлістік. Олар біздің ұсынысымызды қолдайды. Енді Жұмабек Ахметұлы, мен сіздің ойыңызды білгім келеді»  деп сұрақ жолдады.

Тәшенов көп кідірместен, бірден жауап берді: «Никита Сергеевич, мен мұндай шешімге наразы ғана емес, мұндай мәселені күн тәртібіне қоюдың өзі мүмкін емес деп есептеймін».

«Тыңдашы, Саяси бюрона қарсы шығатындай сен кім едің?! Қажет болса шешімді сендерсіз-ақ қабылдай аламыз. Кеңес Үкіметі – біртұтас мемлекет. Ал қай жерді, кімге беру керектігін СССР Жоғары Кеңесі шешеді» деп Хрущев ашулана жауап берді.

«Егер Жоғары Кеңес әр республиканың аймақтық сұрақтарына өздігінен араласатын болса, СССР Конституциясын жою керек. Онда «әр республика өзінің тарихи территориясына құқығы бар» деп көрсетілген. Егер бұл заң бұзылса, біз халықаралық құқық қорғау ұйымдарына шағымдануымызға құқығымыз бар ғой, солай ма?» деп Тәшенов бірден жауап берді.

Орталық оған мән берместен аймақты республикалар арасында бөлуді бастап кетті.  Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Тәшеновті партиямен мемлекет алдындағы еңбектеріне қарамастан қызметінен босатып, облыстық атқарушы комитеттің орынбасары етіп Шымкентке жіберді. «Социалистік Қазақстан» газетінің корреспонденті қызметін атқарған жазушы Шерхан Мұртаза былай деп жазады: «1961 жылдың көктем айында Ақмоланың әскери лагер казармасында үлкен республикалық жиналыс болды...Ешкімге сөз берместен Хрущев Қонаевқа қарсы шықты. Не айтпады десеңіздерші! Дәл сол кезде Хрущевтің көмекшісі Шевченко Тәшеновтың рұқсатынсыз оның ұшағымен Павлодарға ұшқан. Мұны білген Тәшенов рация арқылы шығып, ұшақты қайтаруға мәжбүр еткен.  Келесі күні КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметінен босатылған. Бірнеше уақыттан кейін Қонаевты да қызметінен босатты».

Орталық тынышталмады

Ж.Тәшенов кеткеннен кейін Мәскеудің қазақ территориясына деген көз алартушылығы тоқтамады. Орталық, Маңғышлакты Әзірбайжанға беру туралы айта бастады. Басты себеп  - Әзірбайжан мұнай өндірісімен айналысады. Республика басшылығы геология министрі Шахмардин Есеновке барынша қарсылық білдуге тапсырма берді. Жоғары Кеңес пен СССР Министрлер Кеңесінің бірлескен Президиумында қазақстандық министр сандар және дәйектермен Қазақстан тек ауылшаруашылығымен ғана емес, индустриалды мәселелерді де шешуге қауқары бар екенін дәлелдеді. Республикада білікті мамандар, қажетті жабдықтар, тәжірбие бар екеніне отырғандарды сендіре алды. Қызу талқылаудан кейін, қазақстандық министрді Алексей Косыгин қолдады. Осылайша Қазақстан тек егінді жерлерін ғана емес, қазыналы арлады да сақтап қалды.   

...Кремлде бұл қызу талқылаулар жүріп жатқанда, Тәшенов Шымкентте болды. Партиялық билік оның республика деңгейіне көтерілмеуі үшін көп күш жұмсады. Ол өзін тордағы арыстандай сезінді. Жұмабек Ахметұлы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына бір ай қалғанда қайтыс болды.

...Нұрсұлтан Назарбаветың бастамасымен Астананың орталық көшелерінің біріне Жұмабек Тәшеновтің есімі берілді. Ж.Тәшеновтің кезінде Астана көрші елге өтіп кетуі мүмкін еді. Алайда, ол тәуелсіз Қазақстанның астанасы атанды.

                                                                                                                                      asialive.info сайтынан аударған: Әсем Әлмұханбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

7 пікір

Аманкелді Садуақас. 13 Желтоқсан, 2016

Жатқан жері жайлы, қабірі жарық болсын ағамыздың! АЛЛА Өзі Жар болсын!

Хамит Болатхан 13 Желтоқсан, 2016

Осындай нар тулга казактар болашакта коп болгай жане тек бiр Ала жарылкасын

жанашыр 13 Желтоқсан, 2016

Осы ағамызға Халық Қаhарманы атағын Тәуелсіздік той күні қарсаңында берсе нұр үстіне нұр болар еді. Мұндай нар тұлға фәниге бір ақ рет келер...

алаш 13 Желтоқсан, 2016

нағыз халық хахарманы атағын алыуа тйсті адам

қапақ 14 Желтоқсан, 2016

қаһарлы қсро-ның билігіне қарсы шығып қаншама жерді сақтап қалған нағыз ер батыр адам. ал нұр көсемдерің жерді оңды-солды шашып ынжық саудагер ұры қорқақ екеін көрсетті.