• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:08:37
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2016 NEWS

ҚАБЫЛҰЛЫ ҚУҒЫННАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

Бүгін Бас прокуратура Франция мемлекеттік кеңесінің іздеуде жүрген қазақстандық банкир Мұхтар Әбләзовті босату туралы шешіміне қатысты ұстанымын жариялады, -...

Бүгін Бас прокуратура Франция мемлекеттік кеңесінің іздеуде жүрген қазақстандық банкир Мұхтар Әбләзовті босату туралы шешіміне қатысты ұстанымын жариялады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Қылмыстық-іс жүргізу заңнамаларының талаптарына сәйкес, айыпталушы тұлғаны қылмыстық қудалау оны сотқа тапсырғанға дейін жалғасады. Сондықтан, Қазақстанның Бас прокуратурасы айыпталған кез-келген тұлғаны ұстау, тергеуді аяқтау, сот тергеуі мен келтірілген шығынды қалпына келтіру үшін заңда көрсетілген барлық шараларды қолданады», - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, қадағалаушы орган Мұхтар Әбләзовті Қазақстан мен Ресейден басқа бірнеше Еуропа мемлекеттері де түрлі қылмыстары үшін айыптап отырғанын хабарлады. Ол мемлекеттердің ішінде Украина, Швейцария да бар. ал, Ұлыбританияда ол 22 айға бас бостандығынан айрылған.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Францияның мемлекеттік кеңесі Әбләзовті РФ-ға экстрадициялау туралы шешімнің күшін жойып, оны қамаудан босатқан болатын.

Әбләзовті Қазақстанның құқыққорғау органдары қаржы жымқырды, заңсыз жолмен табылған кірісті заңдастырды, банк қаражатын заңсыз пайдаланды, лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланды, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басқарды деп айыптауда.

«Әбләзов пен оның серіктестері 7,5 миллиард доллардан астам қаржы жымқырған. Оны айыптау жөніндегі қылмыстық іс 160-тан астам эпизодтан құралады және біздің тергеу тәжірибеміздегі күрделі экономикалық істердің бірі болып саналады. Бұл істің әрбір эпизоды бірнеше жүз миллиард теңге қаржы жымқыру туралы мәліметтерден құралады», - делінген хабарламада.

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір