• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:31:19
Алматы
+35°

 

Түлкібас ауданында инвестиция тарту бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Мысалы, 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға – 6 518,9 млн. теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде 108,5 млн. теңгесі республикалық, 2 775,5 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен болса, 993,1 млн. теңгесі кәсіпорындардан және халықтың өз қаржысы, 2 641,8 млн. теңгесі қарыз инвестиция есебінен. Ауданда ауыл шаруашылық саласына басымдық берілгенімен, өнеркәсіпті дамытуға да ерекше мән берілуде. Жыл басынан бергі 9 айда өнеркәсіп кәсіпорындары – 10 578,0 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайыз болып отыр. Ауданда 1 - ірі, 6 - орта, 21- кіші және  4 -қосалқы барлығы 32 кәсіпорын жұмыс істеуде. «Үдемелі индустриялды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін біршама жұмыстар жүргізілді. Жалпы сомасы 900,0 млн. теңгеден асатын 3 жобаны қаржыландыру Индустрияландыру картасына ұсынылған болатын. Оның екеуі облыс тарапынан мақұлданды.

Елбасы қыркүйекте өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынғаны белгілі. Нарыққа неғұрлым қажетті өнім түрлеріне назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту және әртараптандыру қажеттігін, сондай-ақ суармалы жердің айналымын енгізу бағдарламаның басымдықтары болуы тиіс екенін айтты. Тау бөктерінде орналасқан Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 15 476,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,6 пайызды құрап отыр. Егістік жердің игерілуі  және игерілетін суармалы жер көлемі бойынша берілген  жоспар 100% орындалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір