• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:27:40
Алматы
+35°

 

 

2005 жылы Елбасы Кентау қаласына келiп, халықпен емен-жарқын кездескен едi. Сол кездесу кезiнде Нұрсұлтан Әбiшұлы  «Нағыз кентаулықтар барлық ауыртпалыққа шыдай бiлдi. Бүгiн қала бiздiң республикамызбен бiрге өркендеуде» дедi. Мiне, осының өзi кентаулықтардың болашаққа деген сенiмiн нығайтып, қадамын нық басуына, уақытша болған қиыншылықтардың бәрiн артта қалдыруына себеп болды.

 

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк «Бiр салалы шағын қалаларды дамыту» бағдарламасына енген кеншiлер қаласының кәсiпкерлiктi дамыту мен қаланы абаттандыру, инфрақұрылымды реттеу iсiне республика тарапынан үлкен қолдау көрсетiлiп отыр. Яғни қазiргi таңда Кентаудың екiншi жаңару кезеңi жүрiп жатыр. Қала жаңа кейiпке енiп, өн бойына қан жүгiрдi. Жыл сайын жетiстiкке  қол жеткiзiп келедi.

ОҚО Кәсiпкерлер палатасында «ОҚО-ның инвестициялық тартымдылығы» атты жаңа жобаның таныстырылымы өттi. Осы жоба шеңберiнде бiрiншi кездесудi Кентау қаласының әкiмi Ә.Мақұлбаев өткiздi.

Облыстың өзге аудан, қалаларындағы сияқты Кентауда да  индустриалды аймақ құрылған. Соның инфрақұрылымы биыл толығымен аяқталды. Қазiр ол жерде жоспарланған бес жобаның үшеуi жүзеге асырылуда. Ендi Кентау әкiмдiгiнiң алдында сол индустриалды аймақты жобаларға толтыру мақсаты тұр. Кәсiпкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары алдында әкiм жалпы шағын қаланың, сондай-ақ, индустриалды аймақтың инвестициялық мүмкiншiлiктерiн, ерекшелiктерiн таныстырды.

-- Кентау бiр кездерi өнеркәсiп өндiрiсi өркендеген қала болған. Соны қайтадан қалпына келтiрсек деймiз. Осы арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуға, адамдарға тұрақты табыс табуға мүмкiндiк берiледi, --дедi  моноқала басшысы.

Инвестициялық тартымдылығы жағынан қарағанда Кентау көптеген жобаларға қолайлы келедi. Мәселен, Тау кен саласы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп саласы, қызмет түрлерi және тағы басқалар. Әуел баста қаланы құрудағы мақсат  Ащысай полиметалл кенiшiн байыту жұмыстары болатын. Қаратаудың қойнауында әлi де көптеген пайдалы қазбалар жатыр. Биылғы жылдан бастап геологиялық барлау жұмыстары қолға алынған.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша мұнда кәсiпкерлерге жылыжай, бау-бақша, құс фермасы, мал бордақылау алаңдары, консервiлеу цехтарын ашуға  мүмкiндiктер зор. 16 гектар жер телiмi  агро индустриалды аймақ құру мақсатына 20 жылға резервке қалдырылыпты. Соның жанынан 12 гектар жер өндiрiстiк жылыжайлар үшiн кәсiпкерлерге берiлмек. Бұдан бөлек, Кентау қаласы туризмге де аса ыңғайлы. 17 шақырым жерде Қаратау қорығы орналасқан. Ауа райы туризмнiң барлық түрiне қолайлы. Атап айтқанда, эко туризм, қонақүй, сауықтыру базаларын ұйымдастыруға толық мүмкiншiлiк бар. 

Баян ДАРҒОЖИНА, «Оңтүстiк Қазақстан».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір