• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:11:24
+35°

 

 

          Сайрамдағы Қарасу ауылдық округiндегi «Мәртөбе» өндiрiстiк кооперативiнiң диқандары жыл он екi айда бiр тыным таппайды, әрдайым жұмыс көзін табады.  Бұл мекеменің жұмысшылары еңбектерінің жемісін де көреді. Өйткені, еңбекке деген құштарлығы үлкен жетістіктерге әкеліп отыр. Астық жинаудан оңтүстік өңір  рекорд жинағанын айта кету керек. Сайрам ежелден ауыл шаруашылығындағы үлкен жетістіктерімен, үлкен бастамаларымен көзге түскен. Сондықтан бұл ауылдық округтің жөні бөлек деуіміз де орынды-ақ.

          Биыл диқандар қауымы әр гектардан 18 центнерден астық жинады. 1300 гектар танапқа өсiрiлген өнiмнiң биылғы шығымы жаман болған жоқ. Кооператив биыл 350 гектар алқапқа мақсары еккен, гектар түсiмi 6 центнерден айналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үлкен көрсеткіш. Сондықтан мұндай жетістіктер тек бір ауданның ғана емес, бүкіл Оңтүстік Қазақстан облысының мақтанышы екенін айта кету керек.

          Бүгiнде мәртөбелiктер барлық егiншiлiк шараларының талаптарын қатаң сақтай отырып, күздiк жер жыртуды қарқынды жүргiзiп жатыр. Бұл тұрғыда еңбек етіп жатқан жұмысшылардығ ынтасы да жаман емес. Себебi, әр күннiң жылға азық екенiн жақсы ұққан шаруалар жақында күздiк тұқым себудi бастамақ.

А.Әділұлы

«Оңтүстiк Қазақстан» газеті 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір