• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қазан, 09:40:21
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

14 Қазан, 2016 Аймақтар

Қазығұрт мол өнім жинады

 

 

            Қазығұртта жылыжай көлемі 90 гектарға жетті. Биылдыққа 7 гектар жерді игеру тапсырмасы берілсе, меже 94 пайызға орындалып қойды, деп хабарлайды Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі. 

9 айдың өзінде 6 гектар 58 соттық жерде жасыл желек жайқалды. Аудан қазір Шымкент халқы мен көршілес елдімекендерді қыс айларында көкөніспен қамтуға қауқарлы. Жылыжай салуда тұрбаттықтар озып тұр. «Рахмат ата» шаруа қожалығы мұнда  ел алғысына бөленген ұжым. 20 азаматты жұмыспен қамтыған серіктестік 1,6 гектар жердің қыртысын айналдырған. «Атия» қызанағы мен «Туми» қиярын егіп, екінші кезеңнің дақылдарын жинауда.

Тұрбат ауылының халқы тегіс жылыжай шаруашылығын дамытуға бейімделген. 20 гектардан астам жердің әр гектарынан 100 тоннадан астам бау-бақша дақылдарын жинап алады.

Отандық өнім Шымкенттен бөлек, Алматы, Астана қалаларына да жөнелтілуде. Осы маусымда қазығұрттықтар 19 875 тонна көкөніс, 4647 тонна бақша дақылдарын жинады. Мұнда әр маусымда 200-дей азамат жылыжайдан нәпақа тауып келеді.

Айта кету керек, Экономикасы ауыл шаруашылығына бейімделген өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандырып, егіс, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, өнім көлемін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Облыстан негізінен экспортқа: картоп, көкөніс, бақша, бидай, ұн, балық және балық өнімдері, өсімдік майы, құс еті және мақта талшықтары шығарылады. Аграрлы аймақта осы жылы көкөніс пен картоп дақылдары жалпы 52,3 мың гектарға, ал бақша өнімі 59,1 мың гектар жерге егілген. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 890 мың тонна көкөніс, 1,4 млн. тонна бақша, 256 мың тонна картоп жиналады деп күтілуде. Бұл көрсеткішке Қазығұрт ауданындағы жылыжайлардың да қосар үлесі зор екенін айта кеткен жөн.

http://www.inform.kz/

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір