• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:03:12
Алматы
+35°

 

            2016 жылдан бастап  ауылдық жерде  тұрғындарды жұмыспен қамту саясатын белсендi жүргiзу, кәсiпкерлiктi дамыту және жұмыссыздық деңгейiн төмендету мақсатында «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi бiрлесiп «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын жүзеге асыруда. Жоба облысымызда 2014-2016 жылдары iске асырылған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының оңды тәжiрибесi нәтижесiнде жүргiзiлуде. Бағдарлама бастау алғалы 34,5 мың тонна ет, 40,2 мың тонна сүт өндiрiлiп, 11 мыңға жуық жұмыс орны ашылған.

            Жобаға қатысушылардың бiрi – Әбдiрамановтар отбасы. Әбдiкәрiм мен Светлана Төлеби ауданы Көксәйек ауылында тұрады. Әбдiкәрiм – зооинженер, Светлана – кiтапханашы. Отағасы кеңес өкiметi тұсында Ресейдегi нан зауытында қызмет еткен. 1991 жылы Кеңес Одағы тараған соң елге оралғанымен, 2000 жылға дейiн зооинженерге жұмыс табылмаған.

            2011 жылы кiшi ұлы Руслан жоғары оқу орнын агроном-инженер мамандығы бойынша бiтiрiп шығып, отбасылық кәсiптiң қамына кiрiскен. 2015 жылы «Ырыс» МКҰ ЖШС-ден мал бордақылау жобасын жүзеге асыру үшiн 3 жылға 3 млн. теңге несие алған. Арнайы қорасы, жем-шөбi бар. Бiрнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. 2015 жылы лизингпен МТЗ-82/1 маркалы екi трактор алған. Қазiргi таңда 20 iрi қара малды бордақылап, 34 малды жайылымға жiберген. Сонымен қатар, фермерлер жер өңдеп, бидай егiп, шаруасын дөңгелетiп отыр. Міне, мұның өзі мемлекеттік қолдаудың халық үшін оң нәтижесін беретінінің жарқын үлгісі.

«Оңтүстiк Қазақстан»

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір