• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
16 Қазан, 15:16:46
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

18 Қазан, 2016 Аймақтар

Арыстың қауыны Балтық елдерінде

 

 

Биыл Арыс қаласы бойынша 5239 гектардан астам жерге егілген бақша өнімдерінен бүгінгі таңға дейін 104178 тонна өнім алынды. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірде «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында көптеген ауыл шаруашылығы жобалары жүзеге асуда. Сыр ана мен Арыс өзенін тел емген Арыс қаласының диқандары өздерінің бақша өнімдерін (қарбыз-қауын)  облыс орталығы Шымкент қаласы мен еліміздің Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе  қалаларын қамтыды.

Қазіргі таңда бақша өнімдерінің экспорты Еуро одақ елдеріне шыға бастады. Мысалы, «Аққала» кооперативі қауын өнімдерін Германия, Балтық елдеріне, Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласына, Новосібір, Пенза, Самара облыстарына  жөнелтілуде.

Жылдағы өніммен салыстырғанда өнімді молынан алған арыстық диқандар ала жаздай еткен еңбектерінің ақталғанына қуанышты.

Жалпы 2016 жылдың 9 айында Арыста 4.182 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 112,3% құрады. Жыл соңына дейін көлем индексін 120,0% жеткізу көзделуде. Мал басы және одан алынатын мал өнімдері 2015 жылдың және 2016 жылдың қорытындысымен алдыңғы жылдарға қарағанда барлық түрінен артты.

 2016 жылдың 9-айға егіс егу тапсырмасы 109,0 пайызға орындалды. Оның ішінде суармалы жер игеру тапсырмасы  15,0 мың га, ал орындалған 13,4 га, яғни 93,5% құрайды.

rgmedia.kz

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір