• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:44:54
Алматы
+35°

 

 

         Жуықта ауыл шаруашылығының даму қарқынын білу мақсатында Түркiстан қаласына қарасты Ескi Иқан ауылындағы отбасылық шаруа қожалықтарының және Шаға ауылдық округiндегi «Мамлакат» шаруа қожалығының тыныс-тiршiлiгiмен таныс болдық.

         Ескi Иқан ауылындағы «Бабыр» шаруа қожалығы 2014 жылы «Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Ырыс» шағын несие ұйымынан 3 млн. теңге алып, iрi қара мал бағып отыр. Мұнда 24 сиыр бордақылануда. Үш азаматты тұрақты жұмыс орнымен қамтыған «Бабыр» шаруа қожалығы бiр жыл iшiнде 30 тонна сүт өндiрген. Сондай-ақ, шаруасын дөңгелетiп отырған «Береке» қожалығы да аталған несие ұйымынан 3 млн. теңге алған. Қазiргi таңда ауласындағы үйiргелiк жерде 15 сиырдан күн сайын 160-170 литр сүт сауып, табысын еселеп отырған қожалықтың тiрлiгi iс бастаймын дегендерге үлгi боларлықтай-ақ.

         Шаға ауылдық округiндегi «Мамлакат» шаруа қожалығының жұмысын көргенде таңданыстарымызды жасыра алмадық. Төрт түлiк малға арналған бордақылау алаңынан бастап, арнайы зертханасы бар мал сою орны, еттi терең өңдеп, одан шұжық iстейтiн бұл қожалықтың тынысы кең. «Мамлакат» шаруа қожалығының атқарып жатқан жұмысына қарап, келелi iстердi бастауға тек ниет болса жеткiлiктi екенiне көз жеткiздiк.

 

Әбдiрахман ҚЫДЫРБЕК. Түркiстан қаласы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір