• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:11:37
Алматы
+35°

 

       Кентауда жоғары сұрыпты өнімдерді шығару мәселесі қазіргі таңда берік қолға алынған. Кенді шаһарға қарасты Қарнақ ауылындағы қожалықтың өнімдеріне облыс бойынша сұраныс жоғары болып отыр. Осыны білу мақсатында өңірдің шаруа қожалықтарымен таныс болдық.

          Жылыжайлар, жеміс бақшалары, жоғары сорттағы көкөністер. Бұл -Қарнақ ауылының тұрғындары өндіретін өнімдер. Осы шаруамен ұзақ жылдар бойы айналысатын ауыл тұрғындарының тауары  бүгінде Республика бойынша экспортқа шығарылады. Осыны ескерген қала басшылығы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 500 млн. теңгеге жуық несие берген екен.

          Сондай бір еңбегінің жемісін көріп отырған  «Мырза» шаруа қожалығының жұмысымен таныс болдық. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан жәрдемге қожалық иесі Анвар Мырзаев дән риза. Түрлі жеміс-жидектердің көшеттерін егіп, оларды өзге облыстарға жеткізумен айналысатын қожалықтың бүгінде кірісі жақсы. Сұранысы жоғары. Шаруа қожалығының басшысы Анвар Мырзаев өз жұмысы жайлы былай деді: «13 жыл болды менің бау-бақшамен айналысып жатқаныма. Мына ескі бау ол жерден жақсы өнім алып жатырмын. Кіріс жақсы. Енді мына жерде көшет қожалығым бар. Түрлі алмалар слива, өрік, черешня, шабдалы, жүзім барлығынан бар. 15 түрлі алма бар. Мен көшетті бүкіл ауданға шығарамын.  Шымкент облысынан келіп алады көшетті. Менде барлығы жаңа. Жаңа сорттар. Суыққа шыдамды сорт». Бұл қожалық таза еңбектің арқасында бүгіндері үлкен нәтижелерге жетіп отыр.

          Қожалық қарамағында тұрақты 3 жұмысшы бар. Сонымен қатар, қосымша 20 шақты жұмысшы уақтылы қызмет жасайды. Көлемі 6 гектарды алып жатқан қожалықтың өнімдері бүгінде көтерме бағамен сатылуда.

Мұрат ТАЛАПБЕРГЕНОВ,

Қарнақ ауылы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір