• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:17:35
Алматы
+35°

 

         Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы «Даян» шаруа қожалығында арнайы кәсіпорын иелеріне жабық топырақта лимон өсіру туралы шеберлік сыныптарын жиі өткізіп тұрады.Себебі, бұл шаруашылық түрін дамытып, қолға алғандар кемде-кем.

         "Даян" шаруа қожалығы 2008 жылы қызанақ пен қияр өсіру үшін 8 жылыжай салған. Алғашында жұмыстары жақсы жүреді. Алайда соңғы жылдары бәсекелестер көбейіп, көкөністерді өткізу қиынға соққан. Шаруашылықтың жұмысымен жақынырақ танысып, шаруа қожалыңының басшылығымен сөйлестік.

«Сол кезде біз бәрін басып озуға бел будық», – дейді «Даян» директоры Манатәлі Таңсықбаев. – Лимонды қалай өсіру керектігін көру үшін Өзбекстанға бардық. Қайтарда бірнеше көшетін алып келіп, өзіміздің жылыжайға отырғыздық. Араға екі жыл салып, ол жемісін бере бастады. Қазір орта есеппен алғанда әр ағаштан 15 мың килограмдай жеміс аламыз. Біздің Қазығұрттың лимондары Шымкент пен Алматыда және Ресей қалаларында өте жақсы өтеді. Бұл жеміске сұраныс жыл сайын артып келеді.

Бұл цитрустік жемісті өсіру үшін Таңсықбаевтар (бұл отбасылық кәсіп) түрлі лимон өсіретін тәлімбақтарды аралап, барлығын санап шыққан. «Бұл кәсіптің кірісін де, шығысын да біз жан-жақты ойландық. Басқа жемістер секілді бұған да көп күтім керек. Бірақ бір күні бір ағаштан 135 килограмм лимон теріп алған адамдарды өз көзімізбен көргенде қызығушылығымыз адан сайын оянды. Сөйтіп, отыз күн ойланып, қырық күн толғанып «Мейер» деп аталатын лион сортын өсіруді қолға алдық».

Алғашқы жылдары қызық үшін әр ағаштан қанша лимон алғанымызды санайтынбыз. Рекордтық көрсеткішіміз – 35 килограмм (282 лимон). Бұл рекордты әлі ешбір ағаш қайталаған жоқ.

«Даян» шаруа қожалығы өз дегендеріне жетті. Енді олар өз тәжірибесін өзгелермен бөлісуді жөн көріп отыр. Қазығұрт ауданы кәсіпорын иелерін қабылдау орталығының директоры Асқар Әубәкіров: «Лимон өсіру – керемет бастамалардың бірі. Ол көп ұзамай біздің ауданымыздың брендіне айналары сөзсіз» дейді.

Қазығұрт ауданы географиялық орны жағынан өте жақсы жерде орналасқан. Сондықтан жақында бұл жерге тәжірибе ретінде банан ағашының да көшеттерін отырғызып көрді. Шаруа қожалығының директоры алдағы уақыттарда оны бөлек жылыжайға өсіретінін айтты. Себебі лимон мен банан жемістерінің температуралық тәртіптері сәйкес келмейді. 

Бұйырса "Даян" шаруа қожалығы банан жемісін де өсіріп, сатылымға қояды.

Ақерке АЯНҚЫЗЫ 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір