• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:25:06
Алматы
+35°

 

Қазіргі таңда елімізде мал шаруашылығын өркендетуге айрықша көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға басымдық берілген. «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары бойынша мал шаруашылығын дамытамын дегендерге қаржылай көмек көрсетіліп жатыр. Дегенмен, алдағы уақытта дағдарысқа байланысты мемлекеттен берілетін көмектің қысқаратындығы жайлы жиі айтылып жүр.

Оңтүстік Қазақстан аймақта мал шаруашылығы жылдан-жылға дамып келеді. Атап айтқанда, ет, сүт, жұмыртқа өнімдерінің көлемі артты. Жалпы, өңірімізде 858,8 мың ірі мүйізді қара мал, 4 111,4 мың қой мен ешкі, 223,6 мың жылқы, 23,4 мың түйе, 2 460,3 мың құс бар. Мұның барлығы шаруалардың еңбегі және мемлекет тарапынан берілген қаржылай көмекті тиімді пайдаланудың арқасында деуге болады. «Ірі қара мал экспортының әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде «Сыбаға» бағдарламасымен 18,2 мың бас аналық ірі қара мал сатып алынды. Бүгінде 49,3 мың бас аналық ірі қара малға тұқымдық түрлендіру жүргізілуде. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 39,3 мың бас тұсақ, «Құлан» бағдарламасы бойынша 3,7 мың бас жылқы сатып алынды.

 Төрт түліктің ішінде қой шаруашылығында асылдандыру жұмыстарына көбірек мән берілген. Бұған шаруалардың өзі қызығушылық танытып отыр. Айталық, өңірімізде 119 шаруа қожалығы қой өсірумен айналысады. Олар қазақы, биязы жүнді, қаракөл қойларын асылдандыру ісін қолға алған. Мұндағы мақсат – аз шығын жұмсап, көп өнім алу.

Дәурен Дариябек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір