• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:08:22
Алматы
+35°

 

Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылы соңғы бірнеше жылдың көлемінде бітік өскен жуасымен жұртқа танылып келеді. Голландиялық тәсілмен егетін пияз алқабындағы басты ерекшелік ондағы қол күшінің барлығы техника түрімен алмастырылған. Осылайша шаруалар арам шөпті отау, пиязды қолмен жегене жасау сияқты машақаттардан біржола құтылған.

Сейдулла Доматовтың иелігіндегі «Тұрар» шаруа қожалығы биылғы жылы 30 гектар жерге пияз тұқымын сеуіп, оның жемісі де нәтижелі болды. Диқандардың көңілдері көтеріңкі, себебі гектар түсімі 850 центнерден айналып отыр. Яғни, әр гектардан 85 тоннадан пияз өнімін алу деген өте жоғарғы көрсеткіш. Жаушықұмның жуасы Астана, Ақтөбе, Алматы қалаларына  тасымалданып, саудаға шығарылып үлкен табыс әкелді.

Ал, аудан басшыларының ұйымдастыруымен ауылдан арнайы бекет ашылып, жергілікті тұрғындарға әр келісі 50 теңгеден жаңа пияз өнімдері таратылды. Базарда пияздың бағасы 80 теңгеден екенін ескерсек, арнайы бекеттегі арзан баға халықтың қалтасына жеңіл тигені сөзсіз. Осылайша биылғы маусымды өте табысты әрі жемісті қорытындылаған «Тұрар» шаруа қожалығы алдағы жылға да үлкен жоспарлар қойып отыр. Мәселен, өндіру технологиясына жаңалықтар енгізу мен қнімділікті көбейту сынды ұғымдар.

Әсел Әбілбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір