• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
16 Қазан, 16:05:25
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

29 Қазан, 2016 Аймақтар

Сарыағаш жүзім өндеуден алдыңғы орында

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында бүгінде 1891 гектар жүзім алқабы бар. Оның өнім беретін 1648 гектарынан шаруалар биыл 13184 тонна өнім алып отыр. Биылғы орташа өнімділік гектарына 80 центнерді құраған, - деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жиналған жүзімнің 4 313 тоннасы асханалық болса, 8871 тоннасы техникалық сорттар. Биыл жылдағыдан мол өнім алып отырғандығын айтқан диқандар жиналған 8871 тонна техникалық жүзім сортын аудандағы «Caspian Food» ЖШС-гі мен «Семиречье» ЖШС-нің шарап зауыттарына өткізгенін айтуда. Ал қалған өнім ішкі нарыққа және еліміздің басқа облыстары мен 500 тоннасы Ресей Федерациясына жөнелтілген.

Айта кетейік, өткен жылы 1648 га жүзім алқабынан 13 мың тонна өнім алынды. Орташа өнімділік 79,2 цн/га болған.

Жүзiмдi баптау және қайта өңдеу - жұмысшылар мен мамандардың арнайы бiлiмiн, тәжiрибесiн және кәсiби дағдысын қажет ететiн күрделi, еңбек көп жұмсалатын технологиялық үдеріс. «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС-де Франциядан 17 мыңға тарта аласа сұрыпты көшеттер алынған. Бұл егістіктің жалпы көлемі 54 гектарға созылып жатыр. Осы егістікте жұмыс істеудің өзі оңай шару емес. Көшеттерді отырғызу, оларды күтіп баптау, өнімін алу өте күрделі әрі жауапты жұмыс. Оның үстіне бұл біздің елдегі дәстүрлі ағаштан өнім алу емес, бұның ерекшелігі сонда, қортық ағаштар деп аталуында. Олардың бойының ұзындығы ары кетсе 2-2.5 метрге ғана жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында жүзім шаруашылығы жақсы жолға қойылған.

Оңтүстік өңірінің тұрғындары бау-бақшаны кеңейтіп, жүзімдікті молайтумен айналысады. 2013 жылдың басында жаңа тұқымдық өнімдер алынған. 2013 жылы жүзім шаруашылығын нығайту мақсатында үкіметтен 513 млн. теңге мемлекттік субсидия алынып отыр. Жеке шаруашылық серіктестігі 545 гектар жүзім мен 115 гектар көшет ағаштарын отырғызды. Бұл аймақтa тек жүзім, алма ғана емес алша, лимон, анар, банан, киви және т.б. өнімдерін өндіруге де жол ашқан. Оның үстіне осы аймақтың ауа райы өте қолайлы, халқы еңбекқор. Бау-бақша мен жүзім шаруашылығының көбейе түсуі нарықта витаминдік өнімнің сұранысының артуына, сондай-ақ отандық шырын, шараптың өнделуіне де көп мүмкіндік ашып отыр.

Abai.kz

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір