• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:37:59
Алматы
+35°

 

Шымкент қала аумағында жекеменшікте 3 мал сою бекеті және 7 мал сою алаңшасы ашылған. Күніне онда 200-220 бас ірі қара және 200-300 бас уақ мал сойылады. Хайдар Дулати мен Мәделі қожа көшелерінің бойындағы мал сою алаңшалары ветеринариялық-санитарлық талапқа сай келмегені үшін соттың шешімімен жабылды.

Қаланың сыртынан сол мал сою алаңшасына арналған 5 гектар жер бөлінді. Қалалық сәулет және құрылыс бөлімі мамандары жобасын жасап жатыр. Жоғарыда айтылған мал сою бекеттері жабылған жеке кәсіпкерлер және осындай орындарды ашуды ойластырып жүрген азаматтарға сол аймақтан жер беріледі.
Қазіргі таңда, «Шымкент қаласында жануарларды асырау қағидасы» жобасы әзірленіп,бекітілді. Онда қаланың бас жоспарына сәйкес қала тұрғындарының мал ұстауы бойынша жаңа ережелер ұсынылған. Бұл жобаны облыстық ауылшаруашылығы басқармасына облыстық мәслихаттың бекітуіне жолдадық. Қағидаға сай қала аумағы 3 аймаққа бөлінеді. Мұнда қалада жайылымның және малды айдап өтетін көшелердің жоқ болуына байланысты бірінші аумағында мал ұстауға тыйым салынады. Екінші аймақта тұратындар шектеулі мал басын ғана асырай алады. Үшінші аймақта мал өсіруге рұқсат етіледі. Бұл жобаның картасы да жасалды.

 Биыл шаруаларға 500 тонна минералды тыңайтқыш жоспар бойынша берілгенін айта кету керек.

Елдос Сіметбаев 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір