• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:03:32
Алматы
+35°

29 Желтоқсан, 2016 Саясат

АҚШ Дональд Трамптың ұлықтау рәсімінде бассыздықтар орын алуы мүмкін деп қорқады

АҚШ-та сайланған президент Дональд Трамптың ұлықтау рәсімінде өтетін шараға жауапты арнайы қызметі мен полициясы бассыздықтар орын алу қаупіне алаңдаушылық...

АҚШ-та сайланған президент Дональд Трамптың ұлықтау рәсімінде өтетін шараға жауапты арнайы қызметі мен полициясы бассыздықтар орын алу қаупіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл туралы РИА Новости New York Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз хабарлағандай, «сайлаудан кейін әлі де басылмаған дау, бытыраңқы топқа бөлінген америкалықтардың қақтығысуы орын алуы мүмкін» деп топшалаған ұйымдастырушылар алаңдаушылық білдіріп отыр.

Газеттің мәліметінше, ұлықтау күні қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 30 қызмет орны жұмылдырылған. Президенттің қауіпсіздігі 100 миллион долларды құрайды деп күтіліп отыр.

Билік өкілдерінің сөзінше, Трампты жақтаушылар мен даттаушылардың қақтығысын тудырмауға басымдылық берілгенімен, жергілікті және шетел экстремистерінен туатын қауіптің де алдын алу да «басты шаруа» болмақ.

Трамптың ұлықтау рәсімі 20 қаңтар күні Вашингтонда АҚШ конгресі орналасқан Капитолий ғимаратының маңында өтеді. Газеттің сөзіне сенсек,  рәсімге үш миллионға  дейін адам қатысады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір