• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:55:16
Алматы
+35°

05 Қаңтар, 2017 NEWS

                                                                    (Әзіл – шыны аралас)

Өтірікті  бәріміз айтамыз, бірақ  біздің үкімет  өтірікті «өлтіріп» айтады. Билік қашан халыққа шындықты айтады – деген, ой ғой...

 *    *   *

Жалпы біздің депутаттар үшке бөлінеді екен:  1-  «Қысып»  отыратындар.  2-   «Қышып»  отыратындар.    3 -  «Қалғып» отыратындар.   Елдің  жағдайын ойлап  «қышып» отыратындарға, келесі сайлауда  халық  көп дауыс берсе екен- деген, ой ғой... 

*   *   *

Адамның ішегінде Аскарида құрты болса, ол адам уақыт өткен сайын арықтай береді екен. Аскариданы түсірмесе, адам оңалып қалпына келмейді екен.  Сол сияқты мемлекеттің билік басындағы партиясының  қатарында  тойымсыз  жемқорлар көп болса, сол мемлекеттің экономикасы құлдырап, басқа елге қарызға белшесінен батып, барлық саланы қымбатшылық жайлап, халқы кедейлене түседі екен.  Біздің мемлекеттің  билігіндегі  партия  «ішегіндегі  Аскарида құртынан» қашан құтылады  екен – деген, ой ғой...

*    *    *

Бір көсемнің «білгіштігі» миллиардтаған халықты «ақымақ» қылады екен! (Ленин, Мао, Гитлер,  Сталин, Ким Эр Сен, Горбачев, Путин т.б.).  Біздің Елбасы солардың «білгіштігінен» сақ болса екен – деген, ой ғой...

*   *   *

Заңды жазатын Үкімет, оны бекітетін Парламент. Ал, сол заңды орындамайтын да, бұзатын да биліктегілер мен депутаттар арасынан шығады екен.  Неге солай екен?! – деген, ой ғой...

*    *   * 

Біз  25 жылда бір кісіден бәрі  қорқатын, бәрінен бір кісі «қорқатын» ел болдық.  Сонда бізде демократияның  жағдай қалай?  – деген, ой ғой...

*   *   *

20- ғасырда «Екі адым алға, бір адым кейін»(Ленин), «Ұлы секіріс»(Мао),  «Қайта құру» (Горбачев) жоспарларының «Қадамы да», «Секірісі де», «Құруы да» құрдымға кеткен еді.  Біздің 21 – ғасырдағы «100 қадамымыз»  жүзеге асып, «жүзіміз жарық» болса екен – деген, ой ғой... 

*   *   *

 Қытай  51 кәсіп орынын  Қазақстанға көшіріп әкелмекші екен. Егер ол кәсіп орындар Қытайға «қып – қызыл» пайда беріп тұрса, «қу бастан қуырдақ» жасайтын қытайлар  ол кәсіп орындарды «Әке- тай»- деп, жалынсаң  да, Қазақстанға әкелмейді.  Олар тұрмақ, «аңқау»  қазақта сүтті сиырын не сатпайды, не айырбастамайды.  Қалайша есепшіл Қытай  аяқ астынан «Ақымақ» бола қалды – деген, ой ғой...  

*   *   *  

Біз қазақтар екі тілде оқып, 40 пайызы Ана тілін білмейтін халге жетіп, мәңгүртеніп едік. Тәуелсіздік алсақ та, 25 жыл бойы Заңымыздың түпнұсқасы орысша жазылып, президент, парламент, үкімет, барлық деңгейдегі әкімдер жиналыстарын негізінен мемлекттік тілде емес, көрші мемлекеттің тілінде жүргізетін әлемдегі бірден- бір "Атақты" елміз! Міне мектеп үш тілге көшті! Енді бізге Ағылшын тілі "Ата тілі" бола ма?! - деген, ой ғой...  

 

 Аймұханбет  Бейсембеков

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір