• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:15:07
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2017 NEWS

Мұрат Есжан: «БЕКБОЛАТ ӨНЕРГЕ ҚАЙТЫП КЕЛГЕН ЖОҚ. ОЛ СОНДА ЖҮР»

Бекболат ағаны өнерге қайтып келді деп неге шулап жатырсыздар? 2009 жылы Астанада, сол кездегі премьер Кәрім көкемізден бастап, үкімет мүшелерінің көпшілігі...

Бекболат ағаны өнерге қайтып келді деп неге шулап жатырсыздар? 2009 жылы Астанада, сол кездегі премьер Кәрім көкемізден бастап, үкімет мүшелерінің көпшілігі тапжылмай отырып тамашалаған "Елім менің" концертін көрмегенсіздер-ау. Ютубта бар. Сосын 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап Конгресс-Холлда залды лық толтырып тағы бір концерт бергені есте. 2014-те қытай қазақтарына арнайы кеш өткізіп қайтты. Ол да желіде жүр. Әзірет Сұлтан мешіті терме бәйгесін өткізгенде, қателеспесем, 2012 жылы, Бекболат ағаның қажылықтан келген кезі болса керек, тықыр шашпен, басына тақия киіп шыққанын көрдік сахнаға. Өнерді харам деген адам олай етпесе керек еді. Жыл сайын тәуелсіздік мерекесіне арналған үлкен салтанатты жиында ән шырқап жүргенін былай қойғанда, екі-үш жыл ілгеріде “Жұлдыздар отбасы” ұйымдастырған жыл әні концертінде ән шырқады. Астана мен Алматыдағы, аймақтардағы жиі ұйымдастырылып тұратын кездесулерінің соңы кішігірім концертке ұласып жататынын сол кештерге келген жастар жақсы білсе керек. Той-томалақтарда қолқалаған ағайынның көңілін қалдырған кезін көрмедік, қонақ кәдесін ұсынып, аймақ-аймақтың жырларынан ассорти жасап шашуын шашып кетіп жүргеніне бір емес, бірнеше рет куә болған жайымыз бар. Алыпқашпа әңгіме тудырып жатқан ағайынның реніші “жылтыңдап эфирге шыға бермеді” рәпәтті болса, оның жауабы діндегі емес, өнердегі ұстанымында, қызметтегі мүмкіндігінде жатса керек деп топшылаймын өз басым. 
Қайтып келді деп кеткен адамға ғана қарата айтылатынын ескерсек, Тілеухан өнерге қайтып келген жоқ. Ол сонда жүр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір