• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:09:35
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2017 NEWS

УАҚЫТША ТІРКЕУ – ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ

Жұрт дұрыс айтады. Қазақтарға туған жерінде тіркелудің қажеті жоқ. Зейнеткер һәм жағымпаз, білімсіз һәм жаныашымас депутатардың ұйықтап отырып, қабылдай салған...

Жұрт дұрыс айтады. Қазақтарға туған жерінде тіркелудің қажеті жоқ. Зейнеткер һәм жағымпаз, білімсіз һәм жаныашымас депутатардың ұйықтап отырып, қабылдай салған заңының күшін жою керек!

Мен сенімдімін: уақытша тіркеу – жемқорлықтың жаңа түрі, тек, бұл ауылдық, аудандық, қалалық деңгейдегі кішкентай шенеуніктердің жамбаспұлы...

Демек, бұл – Халыққа қызмет көрсету орта­лық­тары (ЦОН) үшін қосымша керексіз қызмет­керлер мен шығындар, сонымен қатар, миграциялық қызметтегі жұмыс, шығын, жемқорлық көбейеді, бірақ, ішкі көші-қонды бақылауға көмектесе алмайды. Айып­пұл салып, ақша табатын қандастарын аңдып-тонағанша, біз төлеген салықтан жала­қы алатын мемлекеттік қызметкерлер – халық үшін сапалы, тиянақты, адал, нәтижелі жұмыс істеуі керек. Тіпті, кенет мемқызметтен босай қалсаң немесе зейнетке шықсаң, мемқыз­меттегі жас балалар еріксіз тоқтатып, қалтаң­дағы қарабақыр тиын-тебеніңді қағып алады...

Сосын, пәтерін жалға беруші мен жалға алушы бірін-бірі жетектейтін босқа уақыт жо­ғалту мен кезек күтулер. «Қонақтар мен туыс­тарға уақытша тіркеу қажет емес» десе де, біз құқық қорғау орындарының қалай жұмыс істейтінін білеміз: «шаш ал десе, бас алады»...

Қысқасы, бұл тіркелу мәселесі полициялар мен шенеуніктерге ғана емес, жеке заңгерлер мен адвокаттарға, соттар мен прокурорларға, салықшылар мен риэлторларға т.б. жеңіл жолмен табыс табуға ұмтылған көп топқа тегін нан болатын жемқорлықтың тура соқпағы. Ол-ол ма, тіркелу туралы ереже – басқа қала мен ауылға оқуға, емделуге, жұмыс істеуге баруға мәжбүр қалың жұрттың ызасын күшейтеді, есесіне, экстремистердің қырағылығын арттыруы арқылы терроризммен күрестің нәтижесін жоққа шығарады.

Енді біздің билік көп мақтап, мысалға келті­ре­тін өркениетті елдердің жүйесі қандай?

Мысалы, Еуропада адамдардың көпшілігі жұмысқа байлаулы, тұрғылықты жерін жиі ауыстырады. Сондықтан, пәтерді жиі сатып алу, сату да тиімсіз әрі көлемді салық төлеуі керек. Тұрғындардың белгілі бір мекен-жайға тіркелуі міндетті емес. Кейбір төлем немесе мәселелер үшін аракідік сұрақ-жауап жіберуге пошталық мекен-жай сұрауы мүмкін. Уақытша тіркеу үшін елдің кез-келген азаматының электрэнергиясы үшін есеп-шотын көрсету және шотты көрсеткен адамның үйінде тіркелгені туралы қысқаша хатын көрсету жеткілікті. Мұның барлығы тегін және ешқандай тексеру қарастырылмаған.
Біздің биліктің осыншама ойға си­май­тын, ақылға көнбейтін ақы­мақ­тық жағдай туралы «Бірінші мыс­ықтарға тәжірибе жасап көру керек» деп кекесінмен жазған экономист Ғалым Құсайынов былай дейді: «Мен Еуропаға келгенде төлқұжатымды номердегі сейфке тығып, «такс фри» рәсімдеп, сауда жасауға барғанда ғана аламын. Еуропа Одағы елдері арасында саяхаттаймын және ешқандай жерде ешкім менен тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркелуге міндеттеген емес. Шекараны кесіп өткенде құжаттарымды ақтарып, ешқандай бланкі толтырған емеспін. АҚШ-қа, Тайландқа, БАӘ-ге, қандай жерге барсам да менен тіркеу орнына баруға сұраған емес. ...Ал енді, қарапайым студенттің өзі қалада табыс тауып немесе емделіп жүрсе, тіркеуге тұруы керек. Тура темір тордан шыққан адам тәріздісің. Мен шетелдік азамат болып, Қазақстанда ресейлік құжатпен жұмыс істегенде миграциялық қызметке баруға тура келетін жағдайлар болды. Бірақ сіздерге бір құпия айтайын, мен ол жерге мүлде барған емеспін. Бар болғаны 5 мың теңгеге туристік фирмалар сені қаладағы кез-келген мекен-жайға жазып қояды...»

Ең бастысы, тіркелуге адамды өзінің ырқы мен ықыласынсыз міндеттеу – азаматардың еркін жүріп-тұру құқығы шектеу болып табылады. Әлемдегі өркениетті көшке ұмтылған Қазақ Елі үшін бұлай жасау – өркени қоғам алдындағы беделіміз жұрдай етуі әбден мүмкін. Ақылға келейік, әйтпесе, ұят болады!

Қажымұқан Ғабдолла

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір