• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:50:42
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2017 NEWS

«СЕН ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ ЖҮРГІМ КЕЛЕДІ»

Өткен жылдың 10 маусымында елімізге белгілі продюсер Баян Есентаева мен жары Бақытбек Есентаевтың арасында болған жағдай жұртшылықтың назарына ілігіп, біраз...

Өткен жылдың 10 маусымында елімізге белгілі продюсер Баян Есентаева мен жары Бақытбек Есентаевтың арасында болған жағдай жұртшылықтың назарына ілігіп, біраз адам жаға ұстап қалған еді. Содан бері Баян қыздың құлағы тынышталар емес. Қоғам Баянның жақтаушылары мен даттаушылары болып екіге жарылды. Қазақтан асып не дейміз?  Ол – жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтыны.

2016 жылдың шілде айында продюсердің қызы Айсәуле Бақытбекқызы Алматы қаласындағы қоғамдық орындардың бірінде анасының жаңа ковалері бизнесмен Турсенгали Алагузов екендігін айтқан. Екеуі 2016 жылдың көктемінде танысып, таныстықтары достыққа ұласа түскен.

Баянды бес саусағындай танимын деп ойлайтын қазақ Турсен Алагузов жайлы біле білмейтін шығар. Ендеше таныстырайық. Турсен дегеніміз кәдімгі Тұрсынғали. Қазақстандық композитор, дирижер Тұрым Алакөзовтың баласы.

(Фотода: Тұрым Алакөзов пен Баян Есентаева)

Бүгінгі таңда «Galanz Bottlers» АҚ компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, қысқасы, қалтасы қалың азамат. Қазақтілді БАҚ-қа ол мектептегі білім беру жүйесін үштілді қылу мәселесін қолдап хат жазған қазақстандық бизнесмендердің бірі ретінде жақсы таныс. Сонымен қатар беделді кәсіпкердің мына жазбаларына қарайтын болсақ, сұлу әйелдерге деген ықыласы бөлек жан.

Әдемілікке ынтық болса да басы бос емес, екі баласы бар миллионер тілдің «жанашыры» ғана емес, қайырымдылықпен айналысатын мейірімді меценат.

Баян ханым басынан өткен ауыр жағдайдан кейін өмірге басқаша қарай бастағандай әсер қалдырды. Көз жасына ерік беріп сұхбат берді, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, ойнап жүріп от басқан бойжеткен қыздар мәселесін көтерді. Қыркүйектің ортасында жаңадан бой көтерген «Клара «Аналар үйіне» бас сұғып, жас аналардың жағдайын сұрастырды. Инстаграм парақшасында эмоцияға толы мынандай жазба қалдырған болатын:

«Әлем мейірімді жандарсыз емес. Бүгін алғаш рет «Аналар үйіне» бардым. Үлкен, әрі ыңғайлы. Онда 20 ана өздерінің балаларымен бірге тұрып жатыр. Жас аналардың әзірше барар жер, басар таулары жоқ. Оларды күтіп жатқан ата-аналары жоқ, оларды туысқандары, өмір сүріп жатқан қоғамы түсінбейді. Бірақ, олар өздерінің перзенттерін шексіз жақсы көреді, «Аналар үйі» балаларын жетімдер үйіне өткізбес бұрын, олардың мың рет ойлануына мүмкіндік береді. Олар өте тату тұрады және ана болу үшін онда барлық жағдай жасалған. Қазақстанда дәл осындай 28 үй бар, ондай ұйымдарды мейірімді меценаттар ашқан. Осындай үйлердің арқасында елімізде жетімдер саны аз. Егер сіздің оларға көмектесуге деген ниетіңіз болса, мына нөмірге хабарласуыңызға болады: 8 701 752 72 45».
Мақсаттың қызы Баянның мұндай әрекетіне риза болған жұрт оны одан сайын мақтай, көтермелей, қолдай түсті. Сөйтіп жүріп бір сәйкестік назарға ілікпей қалды. Ол – «Аналар үйі» ҚҚ-на спонсорлық жасайтын 18  партнердің бірі, Баян барған «Клара «Аналар үйін» өз ақшасына салдыртқан миллионер Алакөзов екендігі. Аталмыш жобаның идея авторы Айдын Рахымбаев БАҚ-қа сұхбат бергенде «Аналар үйіне» қаржылық болсын, жалпы жан-жақты қолдау көрсеткен Тұрсын досын ерекше атап жүргені дәлел.

Ал, ендігі сәйкестіктерге инстаграм куә. Жариялаған суреттерге назар аударып қарасақ, Баян мен Тұрсын бірдей уақытта бір жерде жүр.

Тұрсын Вьетнамға кетті дейді әкесі.

Баян да Вьетнамға сапар шекті.

Баян Италияда.

Тұрсын Италияда.

"Four seasons" отелі.

"Four seasons" отелі.

Париж.

Париж.

Венеция.

Венеция.

 

Жәнел Думанқызы

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір