• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:03:22
Алматы
+35°

31 Қазан, 2016 Аймақтар

МИНИСТРЛІК МЫҚТЫ СПОРТШЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АНЫҚТАУДА

Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спартакиада ашылды.

Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спартакиада ашылды.

«Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының «Даму» бастауыш партия ұйымы мұрындық болған спорт сайысына мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысуда. Екі апта бойы мемлекеттік қызметкерлер спорттың алты түрінен – шағын-футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және армрестлингтен жеңімпаздарды анықтайды.

«Спартакиаданы өткізудегі басты мақсат – дене шынықтыру мен спортты насихаттау. Сондай-ақ, қызметкерлеріміздің денсаулығын нығайтып, жақсы демалуына жағдай жасау. Біз әрдайым биік межелерді көздеп, мақсаттарға қол жеткізуге тырысамыз. Осындай спорттық шаралар арқылы әр азаматтың әлеуетін нығайтып, болашаққа деген сенімін күшейтуді және қарапайым адами қасиеттерді дәріптеуді көздеп отырмыз»-деп атап өтті, спартакиаданың ашылуында министрліктің жауапты хатшысы Замир Сағынов.

Шағын-футболдан өткен алғашқы матч пен тоғызқұмалақ бәсекесі спартакиадаға қатысушылардың жеңіске деген ұмтылысы кәсіби спортшылардан еш кем түспейтінін көрсетті. Жарысқа қатысам деушілерге ешқандай шектеу жоқ.

Тоғызқұмалақтан өткен сайыста Автокөлік жолдары комитетінің қызметкері Айгүл Шегебаева жеңімпаз атанса, екінші орынға Көлік комитетінің өкілі Еркебұлан Байболов, үшінші орынға Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қызметкері Нұрсұлтан Боранбайұлы ие болды. Шағын-футболдан финалдық матчта Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті командасын ұтқан Министрліктің орталық аппаратының ұжымы жеңімпаз атанды. Үшінші орын – Көлік комитетінің командасына бұйырды. Спорттың басқа түрлерінен өтетін жарыстар келесі демалыс күндері жалғасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір