• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:45:22
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2017 NEWS

ЖҰМЫСҚА ТҰРАМЫН ДЕП БАСЫНАН СҰМДЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ӨТКІЗГЕН АЗАМАТ КӨМЕК СҰРАЙДЫ

Редакцияға Қарағанды қаласының тұрғыны Жанәбілов Ермұраттан хат келіп түсті. «Қамшы» порталы еркін ой-пікір алаңы болғандықтан хатты қараусыз...

Редакцияға Қарағанды қаласының тұрғыны Жанәбілов Ермұраттан хат келіп түсті. «Қамшы» порталы еркін ой-пікір алаңы болғандықтан хатты қараусыз қалдыра алмады. Қазақ азаматының талап-тілегін, өтінішін оқырман назарына әрі талқысына ұсынады. Ескере кетер бір жайт, автордың жазу әдебі мен орфографиясы сақталынды.

«Сәлеметсіздер ме? Мен Жанәбілов Ермұрат Аманкелдіұлы 1984 жылы 4 қыркүйекте Қызылорда облысында туылғанмын. 2015 жылы 31 шілдеде Қарағанды қаласына көшіп келдім. Жиенімнің білім алуы үшін. 2016 жылы маусым айында Ержан есімді жігіт Думан деген жігітті үйге квартираға алуымды өтінді, мен көп ойланбастан алдым. Думан әскери қызметкер. Бір күні Думан менің сотта, Қарағанды облысының сотында досым бар деді. Олар жұмысқа тұрғызады, проблема шешумен айналысады деп айтты. Мен ойланып жұмысқа тұрғым келді. Содан не керек жігіттермен кездестім. Қымбат көлікпен келді. «Ренжо ровр».Содан кейін ішінде келісім болды. Олар мені жұмысқа орналастырады, ол үшін $2500 беруім керек деді. Мен келістім. Кейін мені 16 қараша күні келді сағат 00:00-де. Мен жұмысқа тұрмаймын деп айттым. Содан сол күні мені қорқытып көліктен түсірмей қойды. Біз Қарағанды облыстық сотта істейміз, сені құртамыз, югтан келгендер құтырдыңдар деп қинады. Сағат 01:00 кезінде үйге басып кірді. 2 жігіт: Руслан есімді және сотта істейтін жігіт. Мені кухняда қинап қорқытып, қалтама наша салатындарын айтып сумкамды ақтарды. Сол түні 2 сағат қинады. Қолымнан мені қарыз деп қағаз жаздыртып және үй құжаттарын зорлықпен алып кетті. Және таңертең несие алып бересің деді. Сонымен қорқытып Каспи банкке апарып, несие алдыртты. 400 000. Егер тісіңнен шығарсаң, өлтіреміз. 1 звонок соңыңа полиция қызметкер салып құртамыз деді. Ары қарай шытырман кино болды. Өте қорқынышты. Қазір қарызым басымнан асады. Қиналып отырмын. Оның үстіне қорқыту-үркіту. Мен сенген құқық қорғау органдары адамдары. Үйіме қайтатын ақша жоқ, не істерімді білмеймін. Адвокат жолдадым. Ол кісі мен қатыспаймын. Мен қорқамын деп кесіп айтты. Өмірімді быт-шыт етті. Енді не істерімді білмеймін. Жиендерімді ойлаймын олар не болады деп. Өмірім қор болды не істеймін. Бәрін бір хатқа сыйдыру мүмкін емес.  Өтінем, сіздерден редакция көмек күтемін. Қазір де қорқып отырмын. Өлтірем, келем, өзін-өзі өлтіруді етеміз дейді.

Жанәбілов Ермұрат Аманкелдіұлы, 05.01.2017 ж.»

Бірнеше уақыт бойы Ермұратпен байланысқа түсу мүмкін болмады.Нанға ақша таппаған ол ұялысын ломбардқа өткізіпті. 13 қаңтар ол редакцияға мынандай sms-хат жолдаған болатын:«Сізден жақсы жаңалық күтем. Менде еш амал жоқ. 1 аптадан бері үйде тамақ жоқ. Біттім, не істерімізді білмеймін. Жалданып жұмыс істегенмін, ақша берген жоқ. Оған арыз жазып тастадым «НұрОтанға». Барсам ақша жоқ дейді. И все конец. Шаршадым, не істеймін білмеймін».

«Қамшы» өз кезегінде хатта аты аталғандарға және де автордың өзі куәгер ретінде көрсеткен Алексей есімді азаматқа да қоңырау шалып, құлағдар етуді жөн санады. Думан мен Алексеймен тілдессек те Руслан мен Ержанмен хабарласу, өкінішке қарай, мүмкін болмады. 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір