• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:34:06
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2017 NEWS

ҚР АШМ МИНИСТРІ АСҚАР МЫРЗАХМЕТҰЛЫНА ХАТ! «СЫБАҒАДАН» СЫБАҒА БҰЙЫРМАЙ МА?

Құрметті, Асқар Мырзахметұлы! Мен Тұрлыбеков Бақдәулет Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылының тұрғынымын. Сізге хат жазып, көмек сұрауымның басты...

Құрметті, Асқар Мырзахметұлы! Мен Тұрлыбеков Бақдәулет Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылының тұрғынымын. Сізге хат жазып, көмек сұрауымның басты себебін айтсам,  2015 жылдың тамыз айында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша етті бағыттағы жас малдарды өсіру үшін ірі қара (аналық мал) мен тұқымдық бұқаларды сатып алуға 15 миллион 320 мың несие алғанмын.  15 миллион 320 мыңның алғашқы қайтарымын 2016 жылдың  5-ші тамызы құйдым. Негізгі борыш өтемі  900000 теңге,   Сыйақы өтеу сомасы үшін (процент) 2046240 теңге төледім. «Сыбаға» бағдарламасының шартында жазылғандай, сыйақы мөлшерінің 7%, дәлірек айтсам,  1023120 теңге менің есебіме қайтарылуы тиіс.

Өкінішке орай, сыйақы мөлшері осы уақытқа дейін есепшотыма түспеді.  Несиені берген Алматы облысы «ҚазАгро Қаржы» АҚ мамандарының айтуынша,  үкіметтен қайтарылуы тиіс 7% сыйақы қаржының жоқтығына байланысты қашан түсетіні белгісіз. Бұл мәселені анықтау үшін Астана қаласындағы кеңсеге де қоңырау шалып көрдім, бірақ ол жерде тұтқаны көтеріп, жауап берген адам болмады. Бізге түсуі тиіс қаражаттың  қашан түсетінін нақты ешкім айта алмайды. 2017 жылдың ақпан айының 6-шы жұлдызы тағы да 996800 теңге сыйақы мөлшерін төлеуге міндеттімін.

Келісімшарт бойынша, біз несие қайтарымын 14 % құямыз, оның 7 % үкімет қайтаруға міндетті делінген.  Сонда үкіметке қалтамыздан құйып отырған 7% сыйақыны ала алмай отырғанымыз қалай?!

Алдағы ақпан айы тағы сыйақы пайызын төлейтінімді жоғарыда айттым. Бірінші құйған қаржының жартысын қайтармай отырған үкіметке несиемді төлемесем, пайызы өскен үстіне өсе бермек. Сонда ауыл шаруашылығын дамытып, мал өндіріп отырған біздей шаруа қожалықтарының жағдайын кім ойлайды?!  «Сыбаға» бағдарламасымен несие алып отырған талай шаруа қожалықтарына өз сыбағасының бұйырмай отырғаны алаңдатады.  Бірінші сыйақының пайызын алмай тұрып, екінші сыйақының борышын қалай өтемекпіз?!     

Ет экспорты бағытындағы жұмыстарды жүйелеуге арналған «Сыбаға» бағдарламасы қарапайым еңбек адамы үшін негізгі тірліктің көзіне айналды деп қуанған едік, енді өз қалтамыздан құйған ақшаны қашан алатынымызды білмей, шарасыз халде отырмыз.

Осы мәселе бойынша бірнеше жерге хабарласып, жөні түзу бір жауап ала алмағандықтан,  талай қазақтың мұң-мұқтажын айтып жүрген  «Қамшы» порталы арқылы өзіңізге хат жазып отырмын. Аталған мәселені өз қарауыңызға алып, оң шешім тауып бересіз деген сенімдемін!

 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір