• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:02:44
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2017 NEWS

ЖҰМЫСҚА ТҰРАМЫН ДЕП БАСЫНАН СҰМДЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ӨТКІЗГЕН АЗАМАТ КӨМЕК СҰРАЙДЫ (ЖАЛҒАСЫ)

Осыған дейін «Қамшы» порталында «Жұмысқа тұрамын деп басынан сұмдық жағдайларды өткізген азамат көмек сұрайды» деген мақала атауымен...

Осыған дейін «Қамшы» порталында «Жұмысқа тұрамын деп басынан сұмдық жағдайларды өткізген азамат көмек сұрайды» деген мақала атауымен Ермұрат деген азаматтың алғашқы хаты жарияланған болатын. Өкінішке қарай, содан бері азаматтың жағдайы өзгермепті. Әлі де үмітін үзбеген Қарағандылық тұрғын редакцияға екінші хатын жолдады. «Қамшы» порталы еркін ой-пікір алаңы ғана емес қазақтың жоғын жоқтаушы бірден-бір басылым. Атпалдай азаматтың көмек сұрап, егіліп жылағаны жанымызға батты. Сол себепті тығырыққа тірелген жанның екінші хатын да оқырман назарына ұсынуды жөн санады. Ермұраттың жерлестерінің арасынан қайырымды бір жан табылады деген үміт бізде де жоқ емес. Ескере кетер бір жайт, автордың жазу әдебі мен орфографиясы сақталынды.

«Сәлемәтсіздер ме, редакция! Мен Жанәбілов Ермұрат Аманкелдіұлы сіздерден тағы көмек сұраймын. Менің үмітім үзілді. Барлық орынға шағымдандым. Менің көзім жетті еш әділдікке қол жеткізе алмасыма. Амалым жоқ. Сенімділік жоқ енді. Енді алға да артқа да шегінер жол жоқ. Кеткен ақша енді қайтпайды. Әділдік те орнамайды. Тыныш заманда ана алаяқтар қарызға батырды. Несием өсіп жатыр. Пәтерден қуылып жатырмын. Енді тек қайта алға деп аяқтан тұруым керек. Құжаттарым кепілде жатыр. Енді қазақстандықтардан көмек сұраймын. Құжаттарымды кепілден алсам деймін. Қазіргі жағдайым бұрынғы. Өміріме қор болып қалдым. Қашан және қайда барсам да қарыз, зорығып кеттім. Бейбітшілік заманда далада қалдым. Редакциядан және жақсы адамдардан көмек сұраймын. Ыңғайсызданып не жазарымды білмей отырмын. Әбден тығырыққа тірелдім, шығар жол жоқ. Осы қиындықтан шығуға көмек берсеңіздер екен. Рақмет!»

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір