• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:26:15
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2017 Кәсіпкер

Жол полициясының іс-әрекеті жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

ОҚО Шымкент қаласындағы көшелердің бірінде қарт кісіге көмектескен жол полициясының іс-әрекетіне жұрт тәнті болды. Бұл заманда мейірімділік қалмаған деген...

ОҚО Шымкент қаласындағы көшелердің бірінде қарт кісіге көмектескен жол полициясының іс-әрекетіне жұрт тәнті болды. Бұл заманда мейірімділік қалмаған деген сөздер қоғамда көп айтылатыны белгілі. Әсіресе, полиция қызметкерлеріне қатысты жағымды сөздерді бүгінде көп ести бермейміз. Дегенмен, көпке топырақ шашудың қажет еместігін мынандай іс-әрекеттерден байқауға болады. Видео Facebook әлеуметтік желісінде таралған. Белгісіз біреулер жол полиция қызметкерінің қарт кісіге көмектесіп жатқан сәтін видеоға түсіріп, "Шымкент полициясы" деген жазбамен әлеуметтік желілерге таратқан.

Жұрттардың таңданғаны соншалық: "Мына жағдай аспаннан күн құлаған сияқты өзгеріпті ғой, мұндай жүрекпен сүйспеншілік көрсеткенге қарағанда Исаға сенетін полиция болу керек, Құдай осы полицияны молынан жарылқасын!"

"Енді оларда пенде гой араларында неше турлі құдайға караған жақсылары да жетеді ғой. Форма киген екен деп бәрі бірдей деуге болмайды"

"Алланың нуры жаусын! Форма кигендердің жамандығын гана видеоға түсірмей жақсылықтарын да осылай жариялап турайық" - деген сынды пікірлер жазып қалдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір