• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:11:00
Алматы
+35°

17 Ақпан, 2017 NEWS

О.СҮЛЕЙМЕНОВ: ЕЛІМІЗДЕ ГМО ҚАДАҒАЛАНБАЙДЫ

Қазақстанда гендік-инженерлік қауіпсіздік сұрақтарын қадағалайтын эффективті жүйе жоқ деп жазады

Қазақстанда гендік-инженерлік қауіпсіздік сұрақтарын қадағалайтын эффективті жүйе жоқ деп жазады ratel.kz.

15 ақпанда Олжас Сүлейменов «Байтақ-Болашақ» Экологиялық альянсы ұйымының президенті ретінде ГМО (гендік модификацияланған организмдер) азық –түлік сұрақтарына байланысты конференцияға қатысқан. Альянс экологияның негізгі проблемаларын көтеруді мақсат етіп отыр. Конференция қатысушылары Қазақстанның өзінен шығарылатын тауарларды емес, Қазақстанға импортталатын тауарларға қатысты талқылау жүргізді.

-Ресей парламенті ГМО-өнімдеріне қарсы заңнамалар қабылдап үлгерді. Оның себебі ГМО өнімдерінің пайда болуы Америкадан бастау алғандықтан деп ойлаушылар бар. Себебі Думаның бағыты антиамерикандық болды. Бұл жерде біз ешбір саясатты араластырмауымыз керек, себебі  объективті жауапқа мұқтажбыз. Шындығында, азық-түлік, сауда-саттық жолдарын қауіпсіздендіру жолдарын қарастыру – алға қойған басты мақсат болуы шарт-деді О.Сүлейменов.

 «Biosecurity» журналының редакторы Евгений Климов осы мәселе төңірегінде:

-Қазақстанда гендік-инженерлік қауіпсіздік сұрақтарын қадағалайтын жүйе жоқ. ГМО-ны таратуға байланысты мәселелерді реттейтін, онымен айналысатын Ұлттық координациялық орталық жоқ.

Оның айтуынша, біздің елімізде ГМО улылығы қысқа мерзімді зерттеулерге негізделіп тексеріледі екен. Заңнамада ГМО-ның таратылуына қатысты  нақты позиция жоқ, тиісінше оған бақылау да жоқ.

-Егер біз ГМО-ның зиян еместігі  туралы ғылыми тұрғыдан сенімсіз болсақ, оның ел аумағында таралуына кедергі жасауымыз керек.

Экофорум (экологиялық  ғылыми-өндірістік бірлестік) заң жүзінде ГМО-ны импорттауды және таратуды тоқтатуды, сонымен бірге бақылауды күшейтуді  ұсынады және қарастырады.

-Бізге заңнаманы өзгерту керек. Биопрепараттарды шеттен әкелуге рұқсат алу керек. Қазіргі кезде фермерлер пестицидтерді қалай қолдану керек екенін білмейді. Жер мен ауаны қатты ластап жатыр. Базарларымыз улы химикаттармен толып кетті. Мұны тоқтату керек. Улы химикаттарды утилизациялау проблемасы тағы бар. Улы химикаттар етте, нанда, көкөністер мен жемістерде қалыпты сақтамай отыр. Он есе көп қолданылады- деді, ғалым Абай Сагитов.

Қорытындысында Бас прокуратура өкілі былай деді:

-Біз ГМО-ның қандай да бір түрінің зиянды екенін дәлелдесек қана импортқа тыйым сала аламыз. Біз әлемдік қоғамдастыққа  нақты фактіні, дәлелді ұсынуымыз керек.

 

аударған Мұса Назерке

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір