• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:50:03
Алматы
+35°

"Қамшы" порталына мәселе көтерген хаттар толассыз келуде. ШҚО-дан келген хат портал бетінде «ШҚО балалар үйіндегі сұмдықтың беті ашылды» деген атаумен жарияланған болатын. Аталмыш хат атауы айтып тұрғандай мазмұны да сұмдық болып шықты. Сәйкесінше, пікір жазған, шу көтерген оқырмандар да көп болды. «Қамшы» осындай даулы материал жариялар кезде портал еркін пікір алаңы екендігін, екінші тараптың да түсіндірмесін жариялауға әркез дайын екендігін ерекше атап өтеді. Уәдеміз бойынша 30000 оқылған материал шындыққа жанаспайды, мен сол балалар үйінің тәрбиеленушісімін деп хабарласқан Дмитрий Скоснягин деген орыс жігітінің хатын да оқырман назарына ұсынамыз. Орысша жазылған хатты редакция қазақшаға аударып беріп отыр. Хаттың түпнұсқасы төменде келтірілген.

«Армысыздар, «Қамшы» сайтының оқырмандары. Менің аты-жөнім –Дмитрий Скоснягин. Досым осы сайттың ішінде бетінде шыққан мақаланың сілтемесін жіберген еді. Материалмен таныс болғанда аузыма құм құйылған болды. Себебі бәрі ойдан құрастырылған, барып тұрған фантастика. Мақала авторы Назыммен таныс емеспін. Алайда жазған дүниесін оқып, өзімнің қарсы екендігімді, бұған келіспейтіндігімді жеткізгім келеді.

Науалы балалар үйінде 8 жыл тәрбиелендім. Бітіріп кеткеніме биыл жетінші жыл. Ұшқан ұяма деген сезімім әлі де ыстық. Оларды сағынышпен, құрметпен, сыйластықпен еске аламын. Себебі олар өзінен шықпаған балаларға аналық мейіріммен қарай білді. Уақытын да, денсаулығын да, күш-қайратын да, жүйкесін де біз үшін сарп етті.

Мақала астында келтірілген хаттарды оқып жағамды ұстадым. Мұндай «концлагерьді» қайдан ойлап тапқан? Директорды танимын. Оның қандай адам, қандай ұстаз екенін де жақсы білемін. Біздің балалар үйіміз ең мықты мекеме болуы үшін ол кісі көп тер төкті. Ұжымды да ұстай білді, оларды дұрыс бағыттап отырды.  Балаларға әкелік көзқараспен қараған Тұрсын Нүсіпұлына алғысым шексіз. Соның арқасында әр бала өзіне, өзінің күшіне сенді.

Тұрсын Нүсіпұлы – алтын азамат. Қатал. Онсыз бола ма? Үлкен ұжымды басқару оңай ма? Тәртіпті қалайша орнатпақ? Бір-ақ нәрсе айтамын, 8 жылда ешкім маған қол көтермек түгілі даусын көтерген емес. Директор бізді нағыз ер-азамат қылып тәрбиеледі: қыздарды ренжітпеу, уәдеде тұру және өз-өзіне жауап беру.

Балалар үйінде бәрі сіз айтқандай жаман болса біз демалыс сайын ол жаққа барар ма едік? Өз басым әр демалыс сайын Науалы балалар үйіне кетіп қалатынмын.

Сонымен қатар директор орынбасары Гүлнәр Жылқыбаеваның да еңбегін елемеу мүмкін емес. Тәрбиешілер ғана біздің жанымызңа үңіліп, қандай азамат болып өсерімізді сезіп, жүрек құлпымызға кілт таба білетін. Балалар үйіндегі «мұғалім» біз үшін «ана» еді. Біз оған кәміл сендік.

Тәлім-тәрбие жұмысы қандай қиын екендігін бәріміз білеміз. Осыған дейін жарияланған материал басынан аяғына шейін өтірік, жала жабу. Мыңдаған бала Науалы балалар үйін ризашылық пен сағынышпен еске алады.

Мақалада сонымен қатар балалардың аулада жұмыс істеуі туралы мәселе көтерілген. Онда тұрған не бар? Нәтижесінде ауламыз тап-таза, гүлге толы, иісі жұпар аңқып тұр. Біз бірінші кезекте өзіміз үшін жұмыс жасадық. Болашақта ұлыммен бірге мен де кезінде Тұрсын Нүсіпұлымен сияқты алма ағашын отырғызамын деп армандаймын. Бұл бақыт емес пе?

7 жыл бұрын балалар үйін бітіріп кеттім. Директор берген ақыл-кеңестерді ешқашан ұмытпаймын. Қиын сәтте солар маған демеу болды.

Тұрсын Нүсіпұлы, ешнәрсеге қарамастан сіздің бейнетке толы жұмысыңыз сізге зейнет әкелсін деп тілеймін. Өзіңіз аман-есен болыңыз. Тәніңізде де, жаныңыз да дертке шалдықпасын. Менің жүрек түкпірімде осы бір әдемі сезімге әркез орын табылады. Ойлаған сайын көз алдыма сіздің бейнеңіз, бет-жүзіңіз елестететін боламын. Дәл бұрынғыдай қазір де сіздің жаныңыздан табылып, ақыл-өнеге, тіпті болмаса ескерту естігім келеді.

Сөз соңында айтарым: бәрі жоғарыдағы мақалада жазылғандай бізді ұрып-соқса, зәбір көрсетсе біз неге балалар үйін сағынышпен еске аламыз? Әлі күнге шейін бітіріп кеткен балалар мен мекеме қызметкерлерімен араласып тұрамыз? Бір-бірімізге мереке сайын неге қонаққа барамыз? Науалы балалар үйінде өткізген уақытты неге қимастықпен еске аламыз?».

Дмитрий сонымен қатар хатқа қосымша ретінде өзі сияқты балалар үйін бітіріп кеткендердің арызында қоса жіберді.

 

 

"Здравствуйте, уважаемые читатели и посетители сайта. Мое имя – Дмитрий Скоснягин. Когда мне мой друг скинул ссылку на этот сайт, то у меня пропал «дар речи», так как все что здесь было написано, является сумасшедшим вымыслом, и относится к жанру фантастики. С Назым, к сожалению, я лично не знаком, но с ее творчеством, познакомится, успел и в корне всего этого я не согласен с тем, что она написала.

Восемь лет я прожил под опекой Науалинского детского дома. И сейчас, после семи лет разлуки, хочу выразить свою бесконечную благодарность тем людям, которые вкладывали свою душу, тратили время, силы, нервы и здоровье на чужих, в принципе детей.

Не понимаю, откуда дети, чьи письма были опубликованы ранее, могли взять эти душераздирающие истории о «концлагерях» нашего дома? Зная нашего директора, я хочу сказать ему огромное спасибо за то, что он смог столь замечательный во всех отношениях педагогический коллектив, который с ответственностью смотрит за состоянием Дома и прилагает все усилия для того, чтобы он был всегда предметом зависти других образовательных учреждений не только нашего района, но и всей области.   Также, просто необходимо сказать спасибо за то, что все воспитанники верили в себя и свои силы, потому, что наш уважаемый Турсын Нусупович с отеческим трепетом относился к каждому из нас.

Турсын Нусупович – золотой человек. Да, строгий. А как иначе управлять таким огромным коллективом? Как иначе держать дисциплину? Одно только могу сказать, что за пребывание в детском доме, на меня не разу, ни один сотрудник, не поднял руку и не повысил голос. Директор всегда учил нас быть мужчинами: не обижать девочек, отвечать за свои слова и поступки.

 Если в детском доме было все так плохо, как писалось ранее, разве мы ездили бы туда, каждые каникулы? Я лично ездил туда каждые выходные.

Также, нельзя не отметить труд, нашего завуча Жилкибаевой Гульнар Зулкарнаевны, ведь именно от нее зависело какими мы вырастем, что будет заложено в наши души. Только воспитатели могли разглядеть в нас личность, подобрать к ней ключик, потому что воспитатель в детском доме это не «учительница», а близкий человек, «МАМА», которой можно доверится.

 Никому не допустимо отрицать трудность воспитательской работы, а записки, которые я видел ранее на сайте – это полная клевета на людей, которые вложили душу и сердце в формировании самого прекрасного места не земле, которое тысячи благодарных выпускников, с горячей теплотой в сердце вспоминают как отеческий дом.

 Также я заметил, что многие говорят про то, что они работали. А как без этого? Зато, у нас была самая красивая территория цветов и плодово-ягодных насаждений. Мы работали для себя. И я думаю, что каждому в его взрослой жизни пригодились те навыки, которым когда то директор нас научил. Ведь согласитесь со мной, в будущем, когда у меня будет сын, мы вместе с ним, как когда то я со своим отцом  - Турсыном Нусуповичем, посадим яблоню или какое - нибудь другое дерево, разве это не счастье?

 Семь лет назад я покинул порог своего Дома, но никогда не забуду советов, данных мне директором, его поддержки в нелегкие моменты. Да и критические замечания, также остались в моей памяти, оберегая от ошибок во взрослой жизни. Турсын Нусупович, пусть несмотря ни на что, ваш нелегкий труд приносит вам не только хлопоты, но и незабываемые моменты счастья, а тело и дух будут, как прежде бодры. В моем сердце всегда будет оставаться уголок, посвященный этим поистине нежным и чудесным воспоминаниям. Проникая в него, я всегда буду представлять силуэт и мудрое лицо директора. И можно с уверенностью сказать, что в тот момент я как и раньше, захочу снова оказаться рядом с ним и послушать очередной совет, шутку или даже замечание.

Напоследок я хочу сказать: если и вправду, в детском доме было жить невозможно и нас били, то откуда не только у меня, а у большинства детей, остались теплые воспоминания об этом месте? Зачем мы и по сей день общаемся с выпускниками и сотрудниками детского дома? Звоним друг-другу, ходим в гости по - праздником и с завидной теплотой в сердце вспоминаем дни, проведенные в детском доме".

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір